Тәуелсіздік тұғырым

Страницы: <<  <  131 | 132 | 133 | 134 | 135  >  >>

түсіну үшін жеткілікті дәрежеде әділ көрсеткіш болып табылады: мұнда халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ көп болса, онда тұрмыс деңгейі де жоғары деген сөз.
Егер ЖІӨ өсуінің қазіргі қарқынын басшылыққа алатын болсақ, онда бұл ел үшін әбден орындауға болатын міндет. Беделді Есоnomist журналы «Әлем 2006 жылы» деген арнаулы шығарылымында жекелеген мемлекеттердің экономикалық дамуының ағымдағы жылға арналған болжамының деректерін жариялады. Бұл болжамға Қазақстан да кірді. Басылым сарапшыларының алдын ала болжауында біздің ел экономикалық даму қаркыны бойынша (8,9), Азияның барлық мемлекеттері арасында көш бастау-шыға айналады. ЖІӨ көлемі 64 миллиард АҚШ долларына жетуі мүмкін, сатып алу қабілетінің барабарлығы бойынша — 138 миллиард доллар, халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ — 4200 доллар, бұл орайда республика халқы 200 мың адамға көбейеді2.
Аталған сандар көбінесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылға арналған бюджетті жасақтау кезінде қабылдаған макроэкономикалық көрсеткіштерінің болжамына сай келеді. Олар бойынша нақты ЖІӨ-нің өсуі 8,3 болып бағаланып отыр, ал оның көлемі 63,5 миллиард долларға жетеді. Инфляция деңгейін орта есеппен 6—8 аралығында ұстау көзделіп отыр. Тек сатып алу қабілетінің барабарлығы бойынша ЖІӨ көрсеткіштері ғана едәуір алшақ болды, ол, үкіметтің пікірінше, 174,4 миллиард АҚШ долларын құрайды.
Соңғы жеті жыл бойына экономиканың тез өсуі нәтижесінде Қазақстан өзінің негізгі көрсеткіштерін айтарлықтай жақсартты. ЖІӨ-нің халықтың жан басына шаққан мөлшері бойынша біз таяу көршілерімізді — Өзбекстанды, Қырғызстанды және Қытайды басып оздық, тек Ресейден ғана кейін келеміз. Алайда егер әлемнің 180 елі қатысатын салыстырмалы талдауға жүгінетін болсақ, онда Қазақстан 71-орында, алда тек 30 дамыған ел ғана емес, сонымен бірге бірқат

Страницы: <<  <  131 | 132 | 133 | 134 | 135  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: