Тәуелсіздік тұғырым

Страницы: <<  <  132 | 133 | 134 | 135 | 136  >  >>

ар дамушы елдер де бар. Төменгі топтағылардан Болгария, Балтық жағалауы елдері, Чех Республикасы, Венгрия, Польша, Словения, Аргентина, Бахрейн және басқалар бізден алда келеді.
Әлеуметтік нормалармен байланысты істің жайы бұдан да нашар. Қорытындыланған әлеуметтік көрсеткіш әлеуметтік даму индексімен сипатталады, онда халықтың жан басына шаққандағы нақты табыспен қатар өмірдің ұзақтығы да ескеріледі. Ол бойынша Қазақстан 80-орынды алып отыр. Өмірдің ұзақтығы әйелдерде — 67 жас, ал ерлерде — 61 жас, мұның өзі ТМД-ның барлық елдеріндегіден төмен. Салыстыру үшін: Өзбекстанда өмірдің ұзақтығы әйелдерде — 70 жас, ерлерде — 63 жас.
Қазіргі сәтте жақсы көрсеткіштерге ие болу ғана емес, Қазақстанды халықаралық сарапшылар айтарлықтай жоғары білім беру жүйесі бар елдердің санатына енгізді, — сонымен бірге олардың келешекте де жақсартыла беруін қамтамасыз ету де маңызды. Ал бұл, өз кезегінде, инвестицияға, ең алдымен өндірістік инвестицияға байланысты.
Сондықтан 15—20 мөлшеріндегі ЖІӨ-нің басқа бір құрамдас бөлігі — негізгі өндірістік қорларға салынатын инвестиция. Халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ көрсеткіштері неғұрлым жоғары болған сайын, қоғамда өзінің болашағына инвестиция салу мүмкіндіктері де соғұрлым көп болады. Ел Президенті Н. Ә. Назарбаев Қазақстанның 3-инвестициялық саммитінде: «Қазақстан халықтың жан басына шаққанда тартылған тікелей шетелдік инвестицияның көлемі бойынша ТМД мемлекеттерінің арасында көш бастаушы болып қала береді, сондай-ақ ТМД елдерінің арасында инвестициялық сыныптың халықаралық рейтингін алған бірінші ел болып табылады. Дүниежүзілік банк Қазақстанды инвесторлар үшін әлемдегі неғұрлым тартымды 20 елге енгізді», деп атап көрсетті.
Елімізге тікелей салынатын инвестицияның көлемі жоғары қарқынмен өсуде. Егер 2003 жылы тікелей салы

Страницы: <<  <  132 | 133 | 134 | 135 | 136  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: