Тәуелсіздік тұғырым

Страницы: <<  <  124 | 125 | 126 | 127 | 128  >  >>

іздің аумағында Қазақстанда мұнай елдерінің алғашқы ондығына шығаратын мұнай мен газ кен орындары бар.
2010 жылға қарай Қазақстанда болжанған мұнай өндіру 80 миллион тоннаны құрайды, 2015 жылы 25 млн. тоннадан аспайтын ішкі тұтыну жағдайында 130 миллион тоннаға жетеді. 2010 жылы шикі газды өндіру 40 миллиард текше метрге дейін, 2015 жылы 80 миллиард текше метрге дейін өседі деп күтілуде7.
Біздің энергетикалық әлеуетімізді одан әрі дамыту бірқатар маңызды міндеттерді шешуді көздейді. Бәрінен бұрын мұнай-газ кешенімен тікелей байланысты терең өңдеу салаларын озық дамытуды, қосымша құн үлесі жоғары өнімдерді халықаралық рынокқа жедел шығаруды қамтамасыз ету керек.
Біздің назарымыз сондай-ақ энергия ресурстарын әлемдік рыноктарға жеткізудің тұрлаулы арналарын әртараптандыруға және қамтамасыз етуге шоғырландырылуы тиіс.
Қазақстан жаһандық энергетикалық тепе-теңдік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі өз жауапкершілігін толық мәнінде түсінеді. 2017 жылға қарай біз көмірсутегін аса ірі экспорттаушылардың ондығына кіреміз. Және бұл ұстаным ХХІ ғасырдағы әлемдік шаруашылық байланысының серпінді өзгеріс үстіндегі жүйесінде Қазақстанның экономикалық рөлін көп ретте анықтап береді. Біз бұл мәселеде ЕО-мен тығыз ынтымақтастыққа үміт артамыз. Энергия ресурстарын өндірушілер мен тұтынушылардың мүдделерін жарастыру мақсатында мен БҰҰ Бас Ассамблеясының 62-сессиясында энергия жеткізілімдері тұрақтылығының Еуразиялық пактін қабылдауды ұсынған едік.
Алтыншы ұзақ мерзімді басымдықты: Инфрақұрылымды дамытуды іске асыру. Жаһандану жағдайында Қазақстанның, атап айтқанда, көлік пен байланыстың инфрақұрылымын жан-жақты дамытуға қатысты ұзақ мерзімді басымдықты іске асыру барған сайын өзекті бола түседі.
Соған орай бұл салада көп іс атқарылды. Бірер цифрды ғана келт

Страницы: <<  <  124 | 125 | 126 | 127 | 128  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: