ңғы қатарлы елдер деңгейінде қазақстандық Өмір сапасының ұлттық стандартын қамтамасыз ету жөніндегі басты идеясын іске асыруымыз керек. Бәрінен бұрын біз денсаулық сақтау саласындағы қызметтің осы заманғы қағидаттары мен стандарттарына жедел көшуді қамтамасыз етуге тиіспіз. Бұл алғашқы медициналық-санитарлық көмек, ана мен баланы қорғау, медициналық білім мен ғылым мәселелеріне қатысты.
Таяудағы жылдары 150 жаңа денсаулық сақтау нысандары мен 300 ауылдық дәрігерлік амбулатория салынуы керек. Мүгедектер мен мүгедек балаларды сауықтырудың халықаралық стандарттарға сай келетін өңірлік орталықтары желісін жасау талап етіледі, ондайлар қазірдің өзінде осында, Астанада құрылған.
Осы заманғы білім жүйесін дамыту, кадрларды даярлау мен қайта даярлауды және озық технологияларды игеруді дамыту үшін біздің халықаралық рынокқа белсендірек шыққанымыз жөн. Қазақстанға белгілі шетелдік білім орталықтарын тартып, осында олардың филиалдарын ашу керек.
Біз қазақстандық студенттерді шетелде оқытуды жалғастырып, сондай-ақ елімізге жаңадан құрылатын халықаралық деңгейдегі жаңа университеттер үшін ең жақсы шетелдік оқытушыларды тартатын боламыз. Таяудағы жылдары біз кем дегенде 250 жаңа мектеп пен 50 кәсіби-техникалық оқу орындарын саламыз.
2010 жылға қарай біз қоғамды тұрлаулы дамытудың негізгі экологиялық стандарттарын құрып, бұл саладағы мемлекеттік бақылау жүйесін нығайтуға тиіспіз.
Бесінші ұзақ мерзімді басымдықты: Энергетикалық ресурстарды дамытуды іске асыру. Өткен жылдары мұнай-газ өнеркәсібі экономиканың басқа салаларын соңынан ілестірген локомотив болды. Сондықтан энергетикалық ресурстарды дамытуды біз Стратегияның ұзақ мерзімді басымдығына дараладық. Бұл ретте біз түрлі "голланд ауруларына" ұрынбай, мұнай табыстарын ұтымды жұмсай алдық.
Елім
Страницы: << < 123 | 124 | 125 | 126 | 127 > >>