, бес есе дерлік ұлғайды. Жан басына келетін ІЖӨ осы кезеңде 3,7 есеге өсті және үстіміздегі жылы Орталық және Шығыс Еуропаның бірқатар мемлекеттерінің көрсеткіштерімен теңесіп, 7 мың АҚШ долларына жақындайды. Негізгі капиталға инвестициялар көлемі ұлғая түсуде. Қазақстан экономикасына тартылған тікелей шетелдік инвестициялардың көлемі 70 миллиард АҚШ долларынан астамға жетті. Бұл – Орталық Азияға тартылған барлық инвестициялардың 80 пайызы.
Ұлттық қордың қаражатын ескергенде елдің халықаралық активтері 40 миллиард АҚШ долларынан асып түсті. Егер біздің бос қазынадан бастағанымызды еске түсірсек, біз көп нәтижеге қол жеткіздік деп айту керек.
Сыртқы сауда айналымы он жылда 6 еседен астамға ұлғайды, ал биылғы жылы ол 80 миллиард АҚШ долларына жете алады.
Жыл сайын банк, қамсыздандыру секторы және жинақтаушы зейнетақы жүйесі нығайып келеді. Осылайша, Қазақстан өз экономикалық дамуының өтпелі кезеңін ойдағыдай аяқтап, алдағы жылдары жаңа сапалы өсуге дайын және қабілетті деп сеніммен айта аламыз.
Төртінші басымдықты: Барлық қазақстандықтардың денсаулығын, білімі мен әл-ауқатын іске асыру. Соңғы он жылда қазақстандықтардың басым санының тұрмысы елеулі түрде өзгерді. Бүкіләлемдік банктің сыныптамасы бойынша Қазақстан бүгінде орта деңгейлі табысы бар елдердің тобына кіреді. 10 жылда қазақстандықтардың ақшалай табыстары 6,5 есе өсіп, орташа айлық жалақы 5 есе дерлік ұлғайды, ең төменгі жалақы 4,5 есе өсті. Осы кезеңде зейнетақының орташа айлық мөлшері 4 есе ұлғайды. Халықты әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесінің қамтуы айтарлықтай кеңейді, оның қызметі бүгінде Қазақстанның әрбір төртінші азаматын қамтып отыр. Тек соңғы 5 жылда ғана мақсатты әлеуметтік көмекке мемлекет 34 миллиард теңгедей бөлді. Орта мерзімді перспективада бізге әлеуметтік стратегиямыздың алды
Страницы: << < 122 | 123 | 124 | 125 | 126 > >>