Тәуелсіздік тұғырым

Страницы: <<  <  121 | 122 | 123 | 124 | 125  >  >>

отыр.
Еліміздің саяси жүйесін реформалау жөніндегі дәйекті жұмыссыз да ілгерілеушілікпен даму мүмкін болмас еді. Әлемдік практиканы зерттеп, талдап және арқа сүйей отырып, біз саяси дамудың нақ осы эволюциялық жолын таңдадық. Және біз бұл таңдауда қателескен жоқпыз. Президенттік республика моделін таңдай отырып біз елді посткеңестік экономикалық және саяси бейберекеттіктен шығардық.
Осы жылы біз демократиялық саяси жүйені дамытуда сапалы қадам жасадық. Әңгіме біздің республиканың моделін президенттіктен президенттік-парламенттік жүйеге көшіру туралы болып отыр. Еліміз Конституциясына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар осыны білдіреді.
Өкілетті билік органдарының өкілеттіктері кеңейтіліп, саяси партиялардың рөлі мен жауапкершілігі арттырылуда. Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі, сот жүйесі, азаматтық қоғам институттары дамудың жаңа серпініне ие болды. Біздің Парламент жаңа Конституцияға сәйкес жұмыс істеуді бастады.
Бұл ретте біз Қазақстанды жаңғырту аясында өз алдымызға қойып отырған сондайлық ауқымды міндеттерді шешуге теңдестірілген және демократиялық саяси жүйе ғана қабілетті дегенді негізге алдық.
Үшінші басымдықты: Ашық нарықтық экономика қағидаттарына негізделген тұрлаулы экономикалық өсуді қамтамасыз етуді іске асыру. Біздің басты стратегиялық басымдықтарымыздың қатарында Қазақстанда тұрлаулы экономикалық өсуді қамтамасыз ету әрдайым болған және болып отыр. Барлық өткен жылдарда біз экономикалық өсудің айтарлықтай жоғары қарқынын ұстанып, бұл көрсеткіш бойынша Қытай, Үндістан, АСЕАН елдері секілді жұрттармен қатар келеміз.
Біздің экономикалық өсудің негізінде жеке бастамалар мен кәсіпкерлікке жол ашу, белсенді сыртқы сауда, инвестициялар тарту жатыр.
Өткен онжылдықта ел ІЖӨ-сі 22 млрд. АҚШ долларынан 100 млрд. долларға дейін

Страницы: <<  <  121 | 122 | 123 | 124 | 125  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: