л-ауқатын жақсартуға қол жеткізу үшін тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстан мемлекетін орнату. Осы мақсатқа орай мынандай ұзақ мерзімді негізгі бағыттар бөліп көрсетілді:
Бірінші ұзақ мерзімді басымдықты: Ұлттық қауіпсіздікті іске асыру. Естеріңізде болар, өзіміздің бірінші ұзақ мерзімді басымдығымызды біз ұлттық қауіпсіздік және, ең алдымен, мемлекеттік тәуелсіздік пен аумақтық тұтастықты сақтауды анықтадық.
Бұл – біздің іргелі құндылықтарымыз. Бұл – біздің басты ұлттық байлығымыз, біз оны сақтауға және болашақ ұрпақтарға жеткізуге міндеттіміз. Бүгінде, "Қазақстан-2030" Стратегиясын іске асыра бастағалы бері 10 жыл өткенде қазақстандық мемлекеттілік орнықты деп нық сеніммен айта аламыз.
Біз халықаралық практика мен нормаларға сәйкес мемлекеттік шекарамызды толық қаттадық20.
Біз ел Қарулы Күштерінің реформасын жүзеге асырдық, осы заманғы армияны жасақтадық, оны қайта жарақтандыруды жүргізудеміз. Елдің Қарулы Күштерін қаржыландыруды елеулі түрде арттырдық. Біз құқық қорғау органдарын, арнаулы қызметтерді қоса алғанда іс жүзінде мемлекет қауіпсіздігінің инфрақұрылымын қайта құрдық. "Қазақстан-2030" Стратегиясының бір бөлігі ретінде қауіпсіздікке төнетін қатерлерді алдын ала бейтараптандыруға бағдарланған Ұлттық мемлекет қауіпсіздігінің стратегиясы әзірленіп, бекітілді.
Қазақстанның бастамасы бойынша құрылған мемлекетаралық бірлестіктер өзінің қажеттігін дәлелдеп шықты. Өңірлік бірлестіктер – АӨСШК, ШЫҰ, ҰҚШҰ-ның қызметі өңірдегі тұрақтылық пен өзара ықпалдастық үшін берік негіз қалады.
Біздің бүкіл шекарамыздың бойындағы көрші мемлекеттермен Қазақстанның достық қатынастары орныққан.
Сонымен қатар 21 ғасырдың басы көбірек тұрақтылық пен қауіпсіздік әкеле қойған жоқ. Керісінше, халықаралық лаңкестік, экстремиз
Страницы: << < 119 | 120 | 121 | 122 | 123 > >>