Тәуелсіздік тұғырым

Страницы: <<  <  120 | 121 | 122 | 123 | 124  >  >>

м, есірткі саудасы, қару-жарақ пен ядролық материалдардың заңсыз айналымы секілді қатерлерге қарсы күрес ұзаққа созылатыны айқын болды. Сондықтан алдағы жылдары біздің ұлттық қауіпсіздік жүйемізді нығайтып, оны жаһандық және өңірлік жүйелерге кіріктіретін боламыз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесіне осы заманғы технологияларды ендіреміз.
Қазақстан жаңа қатерлер мен сынақтарға қарсы күреске бағытталған халықаралық қызметтің белсенді қатысушысы болып қала береді. Біз сондай-ақ Орталық Азия өңірінде тұрақтылық пен қауіпсіздіктің кепілі ретіндегі өз рөлімізді нығайту ниетіндеміз.
Екінші басымдықты: Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуын іске асыру. Қазақстан қоғамында бейбітшілік пен келісімді нығайту жөніндегі міндеттер ұлттық дамудың ұзақ мерзімді стратегиясының келесі аса маңызды басымдығы болды.
Егер елде бүкіл осы жылдары тыныштық пен бейбітшілік болмағанда, біздің барлық стратегияларымыз әдемі ниет болып қалар еді.
Тәуелсіздік жылдары біз ұлтаралық келісімді сақтау мен нығайтудың өз моделімізді іске асырдық, ол "Қазақстан жолы" деп аталады. Қазақстандық демократияның негізгі институттарының бірі және этносаралық келісімге қол жеткізудің тиімді құралы Қазақстан халқының Ассамблеясы болды, ол консультативтік-кеңесші органнан конституциялық органға дейінгі эволюциядан өтті.
Біздің болашаққа арналған стратегиямыз – қоғамды одан әрі топтастыру және бәсекеге қабілетті біртұтас қазақстандық ұлтты қалыптастыру.
Қазақстан бүгінде мәдениетаралық және конфессияаралық үнқатысудың маңызды халықаралық орталықтары бірінің міндетін атқарады. Біз әлемдік және дәстүрлі діндер съездерін өткізудеміз. Сондықтан Қазақстанның бұл миссиясы басқа елдер мен халықаралық ұйымдардың, атап айтқанда Біріккен Ұлттар Ұйымының тарапынан кең қолдау тауып

Страницы: <<  <  120 | 121 | 122 | 123 | 124  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: