ықты нарықтық экономикаға жеткізетін жолмен ілгері жылжуына жәрдемдеседі. Жалпы алғанда, Қазақстан Республикасы ЭЫҰ шеңберінде мүше елдердің өзара іс-қимылын қарқындандыру тұрғысынан тұрақты әрекет етеді.
Әлемде 200-ден астам мемлекет болса, соның 150-дей елі бүгінгі таңда Қазақстанмен достық байланыстар орнатып, ынтымақтастық келісім-шарттарына қол қойды.
Қорытынды
Қорытындылай келгенде, Елбасының дана және көпқырлы саясатының арқасында тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстан экономикасына 130-дан астам млрд. доллар тартылды, жан басына шаққандағы табыс 9 мың доллардан асты. Қазақстан – Орталық Азияға келген барлық сыртқы инвестициялардың 80-дан астамының қабылдаушысы. Әрбір іске асырылған инвестициялық жоба – ұлтымыздың және Қазақстанның әрбір жеке азаматының әл-ауқатының кепілі. Инвестициялар мен инновациялар жаңа мыңжылдықтағы жаңа Қазақстанның қозғалтқыш күштері болып табылады. Халқымыздың әл-ауқатының өсімі үшін СІМ Қазақстан экономикасына инвестицияларды, инновацияларды және жаңа технологияларды тарту ісі бойынша көп еңбекті қажет ететін жұмысты жалғастыруда.
Ресей Федерациясымен одақтастық қатынастарды дамыту – Қазақстан Президентінің сыртқы саяси бағытының сөзсіз жетістігі. Бүгін РФ-мен өзара ынтымақтастықтың басты жетістіктері өңірлік интеграцияда, сондай-ақ сауда-экономикалық әріптестікті кеңейту кеңістігінде жатыр. ҚР және РФ тандемі зор Еуразия кеңістігіндегі тұрақтылық пен дамудың берік факторына айналып отыр.
Шығыстағы ұлы көршіміз – Қытай Халық Республикасымен барлық бағытты қамтитын стратегиялық ынтымақтастық қатынастарды нығайту Қазақстан сыртқы саясаты сындарлылығының айғағы. Жаһандық ықпалы арта түсіп отырған осы елмен екіжақты сауда-экономикалық байланысты тереңдету арқылы еліміз әріптестік әлеуетін өз мүддесіне пайдалануда.
Страницы: << < 115 | 116 | 117 | 118 | 119 > >>