на кіруі туралы келісім. Бұл құжат республикада екінші деңгейдегі банктер арқылы үкімет кепілдігінсіз шағын және орта бизнесті қолдау үшін жеңілдікті несие алуға мүмкіндік береді.
Жалпы алғанда Қазақстанның ИКҰ-мен ынтымақтастығы жеткілікті дәрежеде ойдағыдай дамып келеді.
Азия-Тынық мұхит экономикалық ынтымақтастығы (АТЭЫ) форумы, Азия-Еуропа саммиті (АСЕМ), Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің қауымдастығы (АСЕАН), АСЕАН-ның қауіпсіздік жөніндегі өңірлік қосылу Қазақстанның сыртқы саяси қызметінің бүгінгі таңдағы басым бағыттарының бірі болып табылады, олар өзара тиімді экономикалық ынтымақтастыққа және өңірдегі қауіпсіздік жөніндегі өңірлік форумы (АӨФ) және басқалар сияқты өңірлік құрылымдардың қызметіне қосылу Қазақстанның сыртқы саяси қызметінің бүгінгі таңдағы басым бағыттарының бірі болып табылады, олар өзара тиімді экономикалық ынтымақтастыққа және өңірдегі қауіпсіздік проблемаларын шешуге нақты жәрдемдесіп отыр.
Қазақстанның Азия-Тынық мұхит экономикалық ынтымақтастығы форумының жұмысына қатысу жөніндегі ниеті бұл ұйымның өңірлік және әлемдік экономиканы дамытудағы көшбастаушылық рөліне әрі оның өңірде ашық сауда және инвестицияның еркін қозғалысы жүйесін құруды нысанаға алуына байланысты туындап отыр.
Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің Қауымдастығы қызметінің 1998 жылғы қарашада АСЕАН-ның 6-саммитінде қабылданған Ханой іс-қимылдар жоспарын іске асыру Қазақстанның мүдделеріне сай келеді. Қазақстан АТМӨ (Азия-Тынық мұхит өңірі) елдерімен АСЕАН-ның еркін сауда жөніндегі (АҒТА), инвестициялау (АІА) және өнеркәсіптік ынтымақтастық (АІСО) жөніндегі өңірлік ынтымақтастық аймақтарында осы жоспарға орай іске қосылатын ынтымақтастықтың өзара тиімді жолдарын табуға ұмтылып отыр.
АӨФ-ті дамыту үрдісі үш кезеңнен тұрады, олар: сенім шараларын әзірлеп, ілгері
Страницы: << < 113 | 114 | 115 | 116 | 117 > >>