Тәуелсіздік тұғырым

Страницы: <<  <  116 | 117 | 118 | 119 | 120  >  >>

/>Тәуелсіздіктің барлық жылдары ішінде Еуроодақпен белсенді саяси үнқатысу сақталуда. «Еуропаға жол» Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру нәтижесінде Қазақстан негізгі Еуропа мемлекеттерімен ынтымақтастықты әріптестіктің аса жоғары деңгейіне шығара алды. Еуроодақ елдері бүгін Қазақстанның әлемдегі басты сауда және инвестициялық әріптесі болып табылады. Елдің индустриялық-инновациялық даму стратегиясын іске асыру мақсатында ЕО елдерінен озық техниканы және технологияларды тарту Қазақстанның сөзсіз жетістігіне айналды.
Еліміздің жаһандық және өңірлік деңгейлердегі көпжақты құрылымдар жұмысына белсенді қатысуы халықаралық беделіміздің күшеюіне мүмкіндік беруде. Бұл ретте Қазақстан қызметі БҰҰ жарғысының мақсаттары мен қағидаларына сәйкес келетін халықаралық ұйымдарда ғана көрініп отыр.
БҰҰ мүшесі ретінде, өткен жылдар ішінде Қазақстан осы беделді көпжақты ұйымда көрнекті орынға ие бола алды.
ЕҚЫҰ-дағы төрағалық және 2010 жылы Астанада осы ұйымның Саммитін өткізу қазақстандық дипломатияның ең ірі жетістіктерінің бірі болды. ЕҚЫҰ-дағы төрағалық Отанымыздың жылнамасына жарқын тармақ болып мәңгілікке енді, ал Астана саммиті XXI ғасырдың бірінші онжылдығындағы ең ірі халықаралық оқиғалардың біріне айналды37.
Қазақстаның 2010-2011 жылдардағы Шанхай ынтымақтастық ұйымындағы төрағалығы табысты болды. 2011 жылғы 15 маусымда Астанада өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің мерейтойлық отырысы елімізді шырқау биікке көтерді. Саммит қорытындылары сыртқы саясаттың жаһандық және өңірлік мәселелерін шешудегі Қазақстаның рөлі мен орнын одан әрі жоғарылата түсті.
2011 жылғы 28-30 маусымда Астанада өткен Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің 38-ші отырысы әлемдік бұқаралық ақпарат құралдарының назарын аударған маңызды оқиға ретінде

Страницы: <<  <  116 | 117 | 118 | 119 | 120  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: