жылжыту; алдын ала дипломатияның тетіктерін дамыту; жанжалдарды реттеу.
Экономикалық ынтымақтастық ұйымына (ЭЫҰ) мүшелік Қазақстанның сыртқы саясатының маңызды бағыты болып табылады, оның қатарына республика 1992 жылғы қарашада кірді.
Қазіргі кезде ұйымның құрамына Әзірбайжан, Ауғанстан, Иран, Қазақстан, Қырғыстан, Пәкістан, Тәжікстан, Түрікменстан, Түркия және Өзбекстан мүшелікке өтті.
Ұйымға мүше болған сәттен бастап Қазақстан өзара іс-қимылдың барлық бағыттары бойынша ынтымақтастық үрдісіне белсенді қатысушы ретінде көрінді. Қазақстан Республикасының өкілдері ЭЫҰ-ның түрлі түрлі деңгейлеріндегі іс-шараларына тұрақты түрде қатысып келеді.
Көлік және коммуникация, сауда-экономикалық қатынастарды дамыту, энергетика Қазақстан Республикасының ЭЫҰ-мен ынтымақтастығындағы басым бағыттары болып табылады.
1993 жылғы қазанда Алматы қаласында ЭЫҰ-ға мүше елдердің көлік және коммуникация министрлерінің 1-кеңесі барысында ЭЫҰ өңірінің көлік инфрақұрылымын дамытудың Алматы негізгі жоспары қабылданды, оны іске асырудың нәтижесінде өңір автомобиль жолдарымен және теміржолдармен, әуе желілерімен және осы заманғы телекоммуникацияларымен өзара байланыста болады.
ЭЫҰ-ға мүше елдердің теміржол басшыларының 4-кеңесінде (1999 жылғы қазан, Лахор, Пәкістан) қабылданған Алматы-Ташкент-Түрікменабад-Тегеран-Стамбұл бағыты бойынша халықаралық жолаушылар қатынасын ашу жөніндегі іс-қимылдар жоспарына сәйкес 2002 жылғы 14 наурыздан 21 наурызға дейінгі кезеңде осы бағыт бойынша пойыздың алғашқы пилоттық (техникалық) сапары жүзеге асырылды13.
ЭЫҰ-ның Сауда және даму банкін тезірек құру өңірлік сауданы ұлғайтудың маңызды элементі болуға тиіс, ол түрлі өңірлік жобаларды қаржыландыратын болады.
Қазақстанның ЭЫҰ шеңберіндегі қызметі республиканың қазіргі заманғы ыр
Страницы: << < 114 | 115 | 116 | 117 | 118 > >>