Тәуелсіздік тұғырым

Страницы: <<  <  117 | 118 | 119 | 120 | 121  >  >>

тіркелді. Астана кездесуі мұсылман қоғамдастығы үшін ағымдағы жылдағы ең ірі саяси оқиға қатарында есте қалды. Төрағалық барысында ислам әлемі мен Батыс арасындағы үнқатысуды кеңейтуді қоса алғанда, бірқатар идеяларды бастама ретінде көтеру жоспарланған.
Тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстан көпжақты интеграциялық ынтымақтастық шеңберіндегі байланыстарды қоса алғанда, ТМД елдерімен қатынастарды дамытуға маңызды орын беріп келеді. «Тәуелсіз елдер арасындағы болашақ қатынастардың негізінде ұлттардың бабаларымыздың бірнеше ұрпағы тәрбиелеген рухани бірлігі жататын болады», - деп ерекше атап көрсеткен болатын Қазақстан Президенті Н. Назарбаев сонау 1991 жылдың өзінде-ақ қазақстандық тараптың бастамасы бойынша, ТМД-ны одан әрі дамытудың тұжырымдамасы және оны іске асыру бойынша негізгі іс-шаралар жоспары мақұлданған.
Негізгі күш-жігер Қазақстан Республикасының, Беларусь Республикасының және Ресей Федерациясының Кеден одағын құруды аяқтауға шоғырланған. 2010 жылы ҚР-дың ЕурАзЭҚ-тағы төрағалығы жылында Бірыңғай кедендік тариф қолданысқа енгізілді, Кеден одағының Кеден кодексі күшіне енді. Қазіргі уақытта 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап интеграцияның келесі кезеңін – Бірыңғай экономикалық кеңістікті іске қосу үшін қажетті іс-шаралар өткізілуде40.
Қазіргі уақытта 15 елмен Қазақстанның ұлттық төлқұжатын ұстаушыларды визалық талаптардан босату туралы келісімдерге қол қойылды. ЕО-ның консулдық қызметтерімен визалық режімді жеңілдету бойынша консультациялар тұрақты негізде жүргізілуде.
20 жыл ішіндегі дипломатиялық қызметті қорытындылай келе, Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаевтың басшылығымен жүргізіліп жатқан сыртқы саяси бағыт өте нәтижелі және сәтті болды деп айтуға толық негіз бар.
3 Ұзақ мерзімді басты мақсаттар мен оларды іске асыру стратегиялары

Страницы: <<  <  117 | 118 | 119 | 120 | 121  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: