ртқы саясатының басым бағыттарының бірі болып табылады. Өз тарабынан Ислам әлемі Қазақстанды мұсылман қоғамдастығының ажырағысыз бөлігі ретінде қарайды. Кезінде ИКҰ-ның Бас хатшысы А. Лараки Қазақстанның ислам қоғамдастығының беделді ұйымына толық құқылы мүше ретінде кіруіне қанағат сезімін білдіре отырып, «өзінің табиғи, экономикалық, мәдени және зияткерлік әлеуеті бар, теңдестірілген және сарабдал ішкі және сыртқы саясаты бар Қазақстан мұсылман халықтардың, сондай-ақ әлемдік қоғамдастықтың ортақ қазынасына баға жетпес үлес болып табылады» деген болатын.
Қазақстанның ИКҰ жұмысына қатысуы және республиканың мұсылман қоғамдастығындағы оң беделі өз кезегінде Ислам әлемінің жетекші елдерімен: Түркиямен, Сауд Арабиясымен, Иранмен, Пәкістанмен, Малайзиямен, Индонезиямен, Египетпен, Парсы шығанағы елдерімен екі жақты қатынастарды одан әрі нығайту үшін алғышарт болып табылады.
ИКҰ-ға мүшелік Қазақстан Республикасының халықаралық өмірдің Таяу Шығыстағы жағдай, Ирак төңірегіндегі ахуал, Ауғаныстанды жанжалдан кейінгі қалпына келтіру мәселелері, лаңкестікпен, экстремизммен және есірткі заттардың заңсыз айналымымен күрес сияқты түйінді мәселелер бойынша ұстанымын салыстыруға мүмкіндік береді.
Қазақстанның Ислам даму банкімен (ИДБ) ынтымақтастығы айтарлықтай артықшылық береді. ИДБ және араб қорлары желісі бойынша қаржылық көмек – мұсылман елдерінің республика экономикасына қосқан маңызды үлесі және шетелдік қаржылық көмектің неғұрлым елеулі буындарының бірі болып табылады. Өткен жылдары Қазақстан дипломатиясының күш-жігері арқасында мынадай келісімдерге қол қойылды:
Қарағанды – Астана автомобиль жолын 20 миллион АҚШ доллары көлемінде қайта құру жобасын Банктің қаржыландыруы туралы келісім;
Қазақстанның жеке меншік секторды дамыту жөніндегі Ислам корпорациясы
Страницы: << < 112 | 113 | 114 | 115 | 116 > >>