Тәуелсіздік тұғырым

Страницы: <<  <  110 | 111 | 112 | 113 | 114  >  >>

рлым көкейкесті мәселелері бойынша жемісті пікір алысуына мүмкіндік береді. НАТО-мен саяси пікір алысуды және әскери ынтымақтастықты кеңейту мақсатымен 1994 жылы Қазақстан «Бейбітшілік үшін әріптестік» (БҮӘ) бағдарламасына қосылды. Қазақстанның БҮӘ-ге қатысуы азаматтық төтенше жоспарлауды, дағдарысқа қарсы реттеуді, қарулы күштер мен қарулы құрылымдары демократиялық бақылауды, қорғаныс саясаты мен стратегиясын, әскери жаттығулар мен әскери білім беруді т. б. қоса алғанда, НАТО-мен өзара іс-қимылдың кең ауқымын қамтиды.
Қазақстан Республикасының НАТО-мен Жеке әріптестік бағдарламасын іске асыру шеңберінде жүзеге асырылатын іс-шаралардың саны жыл сайын көбейіп келеді (2000 жылы 100-ден астам бірлескен іс-шаралар жүргізілді).
Сонымен қатар 2005 жылы Қазақстан Солтүстік Атлантика альянсымен ынтымақтастық пішінін кеңейту, оны жаңа деңгейге – Жеке әріптестіктің іс-қимыл жоспары (ЖӘІЖ) пішініне шығару жөніндегі нақты шараларды іске асыруға кірісті. Көп жақты деңгейде де, екі жақты пішінде де кеңес беру мен келіссөздер сериясы аяқталғаннан кейін Қазақстанның НАТО-мен ЖӘІЖ-сі біржолата келісіліп, 2006 жылы 31 қаңтарда қабылданды. ЖӘІЖ-де ғылым, төтенше азаматтық жоспарлау, лаңкестікке қарсы күрес саласындағы жедел үйлестікті, ынтымақтастықты арттыру мақсатымен өзара іс-қимылдың нақты қырларына баса ден қойылды. ЖӘІЖ-дің қабылдануы Қазақстанның НАТО-мен өзара қатынастарының сапалық жаңа деңгейге шығуымен тұспа-тұс келді және Солтүстік Атлантика альянсымен халықаралық және өңірлік қауіпсіздіктің көкейкесті проблемалары бойынша жан-жақты қамтылған пікір алысуды тереңдетуге жәрдемдесуге тиіс болды.
Қазақстан парламентарийлерінің НАТО-ның Парламенттік ассамблеясының (НАТО ПА) сессиялық отырыстарының жұмысына тұрақты түрде қатысуы Альянспен үнқатысуды нығайту үрдісінің

Страницы: <<  <  110 | 111 | 112 | 113 | 114  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: