Тәуелсіздік тұғырым

Страницы: <<  <  111 | 112 | 113 | 114 | 115  >  >>

екінші бір маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. 2004 жылғы қарашада ҚР Парламентінің екі палатасы төрағаларының тиісті өтінішінен кейін НАТО Қазақстанның Жоғары заң шығарушы органына ПА-дағы бақылаушы мәртебесін беру туралы шешім қабылдады35.
Ассамблеяның жұмысына Қазақстан парламентарийлерінің қатысуы НАТО-мен әріптестіктің тығыз қатынастарын және тікелей пікір алысуды жолға қоюға жәрдемдеседі, сондай-ақ халықаралық парламенттік қызмет шеңберінде тәжірибе алмасу үшін қосымша мүмкіндіктер жасауға септігін тигізеді.
Қазақстан және Азия өңірлік құрылымдары. Әлемде болып жатқан халықаралық экономиканың жаһандануы, сауда-экономикалық ықпалдастықтың кеңейтілуі және капиталдың, тауардың, көрсетілетін қызметтердің, жұмыс күшінің, технологиялардың және ақпараттың бірыңғай нарығы қалыптасуының серпінді үрдістері Қазақстанның өңір аралық ынтымақтастықтың көп атқарымды құрылымының қызметіне белсенді және сындарлы түрде қатысуға ұмтылысын айқындайды.
1995 жылғы 12 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Ислам Конференциясы Ұйымына (ИКҰ) толық құқықты мүше ретінде кіруі елдің сыртқы саяси өміріндегі елеулі оқиға болды.
Қазақстан Республикасының БҰҰ мүшелерінің үштен бірін құрайтын бүкіл араб және түркі елдерді қоса алғанда, 57 мұсылман мемлекетін бірітіретін осы халықаралық ұйымға мүшелігін рәсімдеу Қазақстанның мұсылман қоғамдастығына ықпалдасуы мақсатын көздеді. Бұл орайда ИКҰ-ның саяси-экономикалық және қаржылық-инвестициялық әлеуеті ескерілді. ИКҰ Жарғысында баянды етілген мақсаттар мен міндеттер БҰҰ-ның және халықаралық құқықтың принциптеріне сай келеді. Ұйым теңгерімділігімен, ұстанымдылығымен және өз саясатының бекемдігімен әлемдік қоғамдастық тарабынан өзіне құрметпеу қарауға лайық.
Ислам әлемімен өзара белсенді іс-қимыл Қазақстан Республикасының сы

Страницы: <<  <  111 | 112 | 113 | 114 | 115  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: