тан Республикасының ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету жөніндегі бастамасын қолдау туралы шешімі қабылданды. Батыс және Шығыс Еуропаның бірқатар елдері оң көзқарас білдірді, бұл орайда Қазақстанның экономика, саяси жүйені жаңғырту, азаматтық демократияландыру және дамыту саласындағы елеулі табыстары мен жетістіктерін атап өтті.
Сонымен қатар ЕҚЫҰ-ның кейбір елдері Қазақстанның өтініміне оң көзқарас танытты. 2010 жылдан бастапбіздің ел ЕҚЫҰ-ны басқару абыройына ие болды64.
Солтүстік Атлантика шарты ұйымымен (НАТО) өзара қатынастарды тереңдету Қазақстанның сыртқы саяси қызметінде басты орын алады. Бұл ынтымақтастықтың көкейкестілігі, ең алдымен, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін реформалауды қоса алғанда, Ұлттық қауіпсіздікті қолдау жөніндегі басым сипаттағы бірқатар міндеттерді шешумен, сондай-ақ қазіргі заманның жаңа талаптарға – халықаралық лаңкестікке, есірткі трафигіне т. б. қарсы әрекет ету жөніндегі үйлестірілген кешенді шараларды жүзеге асыру қажеттігіне байланысты туындап отыр.
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің тәжірибе алмасуы, альянспен әріптестік шеңберінде жүзеге асырылатын офицерлер құрамын оқыту, бірлескен жаттығулар, семинарлар мен конференциялар өткізу Қазақстан Республикасы қорғаныс күштерінің кәібилігін арттыруға, даярлықтың жалпы деңгейіне, сондай-ақ қорғанысты жоспарлауды жетілдіруге және оларды жалпы жұрт қабылдаған халықаралық стандарттарға келтіруге жәрдемдеседі.
Қазіргі кезде Қазақстанның НАТО-мен ынтымақтастығын кеңейту және сапалық тереңдету үшін берік іргетас қаланды.
Қазақстанның 1992 жылы Солтүстік Атлантика ынтымақтастық кеңесіне, бұл кеңес кейін Еуроатлантикалық әріптестік кеңесі (ЕАӘК) болып қайта құрылды, кіруі Қазақстанның НАТО-ға мүше-елдермен және Еуразия кеңістігі елдерімен халықаралық қауіпсіздіктің неғұ
Страницы: << < 109 | 110 | 111 | 112 | 113 > >>