дайды.
1997 жылы Еуропадық энергетикалық хартия жөніндегі базистік шарт күшіне енді. Бұл құжаттың ең алдымен энергия тасымалдаушылар нарығында кемсітушілікке жол берілмеуіне кепілдік беретіні және ұлттық сауда-экономикалық мүдделерді сақтай отырып, әлемдік экономикалық қоғамдастыққа ықпалдасуға жәрдемдесетіні себепті Қазақстан принципті мәні бар.
Еуропалық Одақ – тең құқықты және тәуелсіз мемлекеттер бірлестігі екенін ескере отырып, Қазақстан ынтымақтастықтың екі деңгейлі жүйесін құрады: жалпы алғанда одақпен және екі жақты қатынастар желісі бойынша ынтымақтастық.
Қазақстан Республикасы мен ЕО арасындағы саяси, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық 1995 жылғы 23 қаңтарда Брюссельде қол қойылған және 1999 жылғы 1 шілдеде күшіне енгізілген Әріптестік және ынтымақтастық туралы келісім (ӘЫК) шеңберінде жүзеге асырылады. Келісім негізінде сауда, инвестиция, жалпы экономикалық қатынастар жөніндегі, сондай-ақ энергетика, көлік, экология және қаржы салаларындағы ынтымақтастық жөніндегі тиісті пікір алысуларды жолға кою мүмкін болды.
ЕО-ға 2004 жылғы 1 мамырдан бастап жаңадан 10 мүше-елдің (Венгрия, Кипр, Латвия, Мальта, Польша, Словакия, Словения, Чехия және Эстония) кіруін ескере отырып, 2004 жылғы 30 сәуірде Брюссель қаласында Қазақстан Республикасы мен ЕО арасындағы Әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімге тіркелген Хаттамаға қол қойылды, бұл Хаттама Келісімнің күшін кеңейтілген Еуроодақтың шарттарына қолдануға бейімдеді. 2005 жылғы 28 маусымда Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев осы Хаттаманы бекіту туралы Заңға қол қойды22.
ӘЫК ережелеріне сәйкес 1999 жылдан бастап ынтымақтастықтың екі жақты құрылымдарының отырыстары – Ынтымақтастық кеңесінің, Ынтымақтастық комитетінің және оның сауда, инвестиция, энергетика және
Страницы: << < 102 | 103 | 104 | 105 | 106 > >>