Тәуелсіздік тұғырым

Страницы: <<  <  101 | 102 | 103 | 104 | 105  >  >>

ң Халықаралық мұхитты графикалау комиссиясына кірді. Бас конференцияның 33-сессиясы барысында Қазақстан 2005-2009 жылдардағы кезеңге арналған халықаралық гидрологиялық бағдарламаның Үкіметаралық кеңесіне және 2005-2007 жылдарға арналған Үкіметаралық биоэтика жөніндегі комитетке сайланды.
Қазақстанда ЮНЕСКО-ның Орталық Азия өңірімен Ұйым қызметінің барлық бағыттары бойынша ынтымақтастықты тереңдетуге бағытталған бастамаларын толық қолдайды. Қазақстан мен ЮНЕСКО-ның ынтымақтастығы – өзара тиімді үрдіс, соның арқасында республика әлемнің ХХІ ғасырдағы жаһандық дамуына барған сайын таныла түсуге ықпал ететіндей үлес қосып келеді.
Халықаралық қоғамдастық Қазақстанның тәуелсіз және дербес мемлекет ретіндегі ұстанымының барған сайын нығайып келе жатқандығының куәсі болып табылады. Осыған байланысты Біріккен Ұлттар Ұйымымен бұдан былай да жемісті ынтымақтастықты жүзеге асыру, көп жақты әмбебап форумының бірегей тәжірибесін алу Қазақстан үшін өте маңызды сабақ рөлін атқарады.
Қазақстан және еуропалық ықпалдастық құрылымдары. Еуропалық Одақ, Еуропа Кеңесі, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйым, Солтүстік Атлантика Шарты Ұйымы, Қазақстан Республикасының еуропалық ықпалдастық институттарымен ынтымақтастығында неғұрлым маңызды орын алады.
Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ (ЕО) арасындағы дипломатиялық қатынастар 1993 жылғы 2 ақпанда орнады.
Еуропалық Одақпен қатынастардың көкейкестілігі оның аса ірі саяси-экономикалық бірлестік ретіндегі әлемдік аренада ойдағыдай дамуы тәжірибесімен айқындалады. Өңірде бірыңғай еуропалық экономикалық әлемдік экономикада озық шепке шығу жөніндегі стратегия, қорғаныс пен қауіпсіздіктің құрамдас бөліктері болып табылады және Қазақстанның Еуроодақпен өзара толық ауқымды ықпалдастығының басымдығын айқын

Страницы: <<  <  101 | 102 | 103 | 104 | 105  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: