Тәуелсіздік тұғырым

Страницы: <<  <  103 | 104 | 105 | 106 | 107  >  >>

көлік жөніндегі, сот төрелігі және құқық тәртібі жөніндегі кіші комитеттерінің, сондай-ақ Парламенттік ынтымақтастық комитетінің отырыстары тұрақты негізде өткізіліп тұрады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына 2005 жылғы 18 ақпандағы Жолдауында Еуропалық Одақ Қазақстанның стратегиялық әріптестерімен – Ресеймен, АҚШ-пен және Қытаймен бір қатарға тұңғыш рет қойылды. Сөйтіп, Қазақстанның ЕО-мен өзара қатынастарға басымдықпен көңіл бөлмек ниетте екені және Қазақстанның еуропалық бағыттағы бұдан былайғы сыртқы саяси қызметі көп ретте осы тезиске негізделетіні атап көрсетілді.
Қазақстан ЕО-ның Орталық Азиядағы аса ірі сауда және инвестициялық әріптесі болып табылады.
Еуроодақ елдерінің (ЕО-25) сауда айналымындағы үлесі Қазақстан Республикасының сыртқы саудадағы жалпы көлемінің орта есеппен 34-35 пайызын құрайды. Тағы бір ескеретін нәрсе, ҚР-ЕО арасындағы тауар айналымы Еуроодақпен, басқа да Орталық Азия елдерімен және Оңтүстік Кавказ мемлекеттерімен сауданың жалпы көрсеткішінен асып түседі. Ынтымақтастық жылдары бойына ЕО Қазақстан экономикасына 10 млрд АҚШ долларынан астам инвестиция құйды. ЕО-дан қазақстандық жобаларға салынатын инвестицияның үлесі Қазақстан экономикасына салынатын шетелдік инвестицияның жалпы көлемінің шамамен -ін құрайды.
Қазақстанның өңірдегі стратегиялық рөлі республикада ЕО-ның қазақстандық қоғамды одан әрі демократияландыру және нарықтық экономика құру мәселелерін қозғайтын ТАСИС (ЕО тарабынан техникалық және кеңес беру көмегін көрсету) сияқты түрлі бағдарламаларын белсенді түрде іске асыруға жәрдемдеседі. ТАСИС шеңберінде көрсетілетін техникалық көмектің экономиканың барлық негізгі секторларын, әлеуметтік саланы және мемлекеттік-әкімшілік етуді қамтитынын, Қазақстанның Еуропа елдері осы салал

Страницы: <<  <  103 | 104 | 105 | 106 | 107  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: