арда жинақталған тәжірибе мен білімге қол жеткізуіне жол ашатынын атап көрсету қажет. ӘЫК ережелерін орындау, салық салу, экология, ауыл шаруашылығы, энергетика, мемлекеттік басқару және білім беру бағдарлама шеңберінде қаржыландыратын жобаларды іске асырудың өзекті салалары болып табылады.
ТАСИС-тің 1993-2005 жылдардағы бағдарламасы бойынша түрлі салалардағы жобаларды жүзеге асыру үшін Қазақстан 200 миллионға жуық еуро көлемінде (Батыс тарабынан Қазақстан Республикасына көрсетілген бүкіл техникалық көмектің жартысынан көп) тегін көмек алды.
2007 жылы ТАСИС-ті неғұрлым қуатты және икемді «Дамуға және экономикалық ынтымақтастыққа жәрдемдесу құралы» (ДЭЫЖҚ) ауыстырды. ДЭЫЖҚ-ның жәрдемдесу ауқымы Африка, ОАР, Азия-Тынық мұхит өңірі (Еуропа елдерінің теңіздің арғы бетіндегі аумағын қоспағанда), Кариб айдыны, Латын Америкасы елдеріне және Шығыс Иорданияға дейін кеңейді.
ЕО-мен Қазақстан Республикасының транзиттік-көлік әлеуетін: ТРАСЕКА («Еуропа-Кавказ-Азия» көлік дәлізі) және ИНОГЕЙТ (Орталық Азия өңірінен Еуропаға көмірсутекті шикізат тасымалдаудың қазіргі жүйесін әртараптандыру) іске асыруға бағытталған мемлекетаралық жобалар шеңберінде өзара іс-қимылының Қазақстан үшін стратегиялық маңызы бар. Аталмыш жобалар ЕО-мен энергетикалық және көлік салаларындағы пікір алысуды дамыту, республиканың экспорттық мүмкіндіктерін жақсарту, Қазақстан өнімінің еуропалық және әлемдік сауда-саттық нарығына қолжеткізімін кеңейту, сондай-ақ жалпы алғанда халықаралық шаруашылық байланыстарға ықпалдасу жөніндегі аса маңызды қадамдар ретінде қарастырылады.
Ынтымақтастықты жандандыру және Қазақстанмен, Орталық Азия өңірінің басқа да мемлекеттерімен көп ауқымды пікір алысуды күшейту мақсатында 2005 жылғы 28 шілдеде ЕО Кеңесі Орталық Азия елдері жөніндегі арнаулы өкіл лауазымын
Страницы: << < 104 | 105 | 106 | 107 | 108 > >>