Тәуелсіздік тұғырым

Страницы: <<  <  100 | 101 | 102 | 103 | 104  >  >>

мет Жұбановтың және ғалым Ақжан Машанидың 100 жылдық мерейтойларын ЮНЕСКО-ның 2006-2007 жылдарға арналған естелік күндері мен оқиғалардың Күнтізбесіне енгізу туралы шешімі Қазақстанның әлемдік мәдениетке қосқан үлесін ресми түрде тану болды.
ЮНЕСКО-ның тарихи және мәдени мұраны таныстыруы үшін ең жаңа ақпараттық технология пайдаланылуда. Ұлттық кітапхана мен Орталық мемлекеттік мұражай жүзеге асыратын «HeritageNet» жобасы осы саладағы жемісті ынтымақтастықтың үлгісі болып табылады.
Білім берудің ұлттық жүйелерін жаңарту мен нығайтуға қолдау көрсету ЮНЕСКО-мен оқу-білім саласындағы ынтымақтастықта бұрынғысынша басым бағыт болып қала береді. Осыған байланысты ЮНЕСКО өкілдігінің ақпараттық материалдармен және деректермен қамтамасыз етуде, оқу семинарларын ұйымдастыруда, ең жаңа ақпараттық технологияларды насихаттауда және енгізуде көрсетіп отырған көмегі оң бағаланды.
«Білім барша үшін» (ББҮ) бағдарламасы шеңберінде ынтымақтастықтың елеулі келешегі ашылып отыр, ол Қазақстандағы және Орталық Азиядағы білім берудің жалғасып келе жатқан реформаларын Білім және ғылым министрі ББҮ бойынша Ұлттық іс-қимылдаржоспарын бекітті.
Мемлекттік және қоғамдық құрылымдармен іс-қимылда ЮНЕСКО-ның «Арнайы мұқтаждығы бар балаларға базалық білім беруге жәрдемдесу» жобасы шеңберінде арнайы білім беру бағдарламаларын қолдау жөнінде белсенді жұмыс жүргізілуде.
ЮНЕСКО-мен ғылым саласында ынтымақтастық ғаламдық үш бағдарлама – «Адам және биосфера», «Халықаралық гидрологиялық бағдарлама» және «Халықаралық геологиялық арақатынастылық бағдарламасы» тұрғысынан жұмыс істейтін ұлттық үш ғылыми комитет желісі бойынша жүзеге асырылады. Арал теңізі айдынының су ресурстарын зерделеу жөнінде бірлескен іс-қимыл неғұрдым елеулі ынтымақтастық болып табылады. 2005 жылы Қазақстан ЮНЕСКО-ны

Страницы: <<  <  100 | 101 | 102 | 103 | 104  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: