орғау туралы Халықаралық конвенцияны әзірлеу және қабылдау жөніндегі бастамасын қолдайды және Қазақстанның мәдени құндылықтарға меншік құқығын заңсыз әкелуге, әкетуге және беруге тыйым салуға және олардың алдын алуға бағытталған шаралар туралы Конвенцияға Қазақстан Республикасының қосылуы мәселесін пысықтауда.
2001 жылы ЮНЕСКО Қазақстан Республикасының Үкіметі ұсынған «Мәдени және табиғи мұра нысандарының алдын ала тізбесін» бекітті. Онда 10 атау қамтылған. Олардың арасында ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мәдени және табиғи мұрасының тізіміне енгізіліп қойған Қожа Ахмет Йасауи кесенесінің құжат-номинациясы және Таңбалы археологиялық ландшафт петроглифтері бар. Аталмыш тізімге Қазақстанның Қорғалжын және Наурызым қорықтарында дала және өзеннің бірегей табиғи ландшафтын енгізу жөніндегі жұмыс жалғастырылуда.
Ежелгі Отырар қаласының орнын сақтау және қалпына келтіру жөніндегі ЮНЕСКО/Жапония және Таңбалы шатқалының петроглифтерін зерделеу, консервациялау және таныстыру жөніндегі ЮНЕСКО/Норвегия жобаларын іске асырудың да Қазақстанның тарихы мұрасын келешек ұрпақтар үшін және әлемдік қоғамдастыққа таныстыру тұрғысынан зор маңызы бар.
ЮНЕСКО-ның атаулы және мерекелік күндерінің күнтізбесіне кірген іс-шаралардың арасында мыналар бар: Абай Құнанбаевтың туғанына 150 жыл, Мұхтар Әуезовтың 100 жылдығы, Түркістан қаласының негізі қаланғанына 1500 жыл, Мұхаммед Хайдар Дулатидің 500 жылдығы, Сәбит Мұқанов пен Қаныш Сәтбаевтың туғанына 100 жыл толуы. 2002-2003 жылдары ЮНЕСКО –ның қатысуымен Тараз қаласының 2000 жылдығы, Махамбет Өтемісұлының 200 жылдығы және Ғабит Мүсіреповтың 100 жылдығы атап өтілді. 2003 жылы ЮНЕСКО күнтізбесіне 2004-2005 жылдарға арналып Әлкей Марғұланның туғанына 100 жыл толуы мен Әбілхан Қастеевтің туғанына 100 жыл толуы енгізілді. ЮНЕСКО-ның композитор Ах
Страницы: << < 99 | 100 | 101 | 102 | 103 > >>