>
Бақытнұр:
Шағылса да тауға тиіп жас тауы,
Ерлік еді намысқа шоқ тастауы.
Күллі әлемді шулатқан сол екі күн,
Болған екен бостандықтың бастауы.
Нұрдана:
Жалған емес бұл шындық дастан әнім,
Бодандықтың ол бұзды тас қамалын.
Қайрат, Ербол, Сәбира, Ләззаттың,
Қыршынынан кім қиды жас қанатын?
Томирис:
Қуаныштан қалай кеуде кермесін,
Бұл күнімді бір ғасырға бермесін.
Ақ түйенің қарны міне, жарылды.
Тәуелсізбін, егеменмін, дербеспін.
жансая:
Тәуелділік кетіп еңсе жаншыған,
Өркендесін жерім жұтап қаңсыған.
Сақтайық біз байтақ Атамекенді,
Бойымызда қалғанша бір тамшы қан.
Мырзабек:
Туған елім, білім алып, өс енді,
Қадірлей біл ел бастаған көсемді.
Арқасында ағалардың айбарлы,
Қайтардың көп жұртта кеткен есеңді.
Динмухамед:
Серпіп бұлтты басқан елдің бар мысы,
Туды күнім әділетті арлы шың.
Алыс жолдан зарықтырып, шаршатып,
Келдің сен Азаттығым, армысың!
Нұржан:
Болсын осы ар алдында сөз ақтық,
Қан мен намыс болса бойда қазақтық.
Қайтпас қайсар, қасиетті күреспен,
Алыппыз біз мәңгі теңдік, азаттық.
Бүгін желтоқсанда ерте үзілген жауқазынның бірі - Сәбира Мұхамеджанованың өмірі туралы айтады.
Мырзабек:
Сәбира Мұхамеджанова көк жасыл орман көмкерген, Алтай тауының адырлы етегінен орын тепкен әсем қала Өскеменде бастауыш сыныптар мұғалімдерін дайындайтын оқу орнының студенті еді.
Кешікпей Алматы қаласындағы желтоқсан оқиғасының жаңғырығы алыстағы Алтайға жетеді. Студент жастар қала орталығындағы "Ушанов" алаңына шеру тартады.
Олардың арасында әділет жолын іздеген, алыстағы Алматы жастарының бейбіт шеруін жұдырықтай жүрегімен қолдаған Сәбира Мұхамеджанова да бар еді.
Әкесі Ерсінбек, анасы -
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 | 6 > >>