Күлшара мектепте мұғалім болатын. Сәбира кенжесі еді. Өкінішке орай жастардың әділдік аңсаған үніне ешкім жауап қатпады.
Жазықсыз балағаттап, ұрып - соғып, темір торлы жабық көліктерге қамап, қалғанын қуып жібереді.
Сәбираның да оқу орнына ата- аналарын шақыртқан үлкен жиналыс болды. Ақ самайлы анасын көргенде Сәбира намыстан жарылып кете жаздады.
Ұзақ кінәлау, жазықсыз жала!
"Тентек, көргенсіз" - деген ұстаздар сөзі жанын аяздай қарыды.
Сәбирамен шеруге шыққан құрбылары үнсіз жылай берді. Бір кезде Сәбира саңқ етіп, суырылып алға шықты.
-Бәріне кінәлі - мен. Жазаласаңдар, мені жазалаңдар!
Бұлардың жазығы жоқ. Оларды алаңға мен үгіттеп апардым. Бәріне мен жауап беремін! Бұларды оқу орнынан қумандар. Шеруді де мен ұйымдастырдым, - деді де Сәбира жиналысты тастай, сыртқа қарай жүгіре жөнелді. Сол жүгірген бойда намысшыл қыз жатақхананың 5 қабатынан секіріп кетеді.
Нұржан:
Иә, желтоқсанда жанын шүберекке түйген Сәбирадай батыр қыздың ақтық сөзі бүкіл елге аңыз болып тарап кетті.
-Он алты-ақ жасар өрімдей Сәбираның көз жұмғаны жанға батады.
Сәбираның бір ауыз айтқан сөзімен ол оқыған оқу орнынан бірді - бір қазақ қызы жазықсыз жауапқа тартылмады, жаламен қамауға алынбады.
-"Жарық дүние жақсы адамдарсыз болмайды" демекші, халқымыздың егемендігі жолында құрбан болғандарын дәлелдеп, оларды ақтау үшін барынша күрескен қайсар азаматтарымыз: Мұхтар Шаханов, Хасен Қожа - Ахмет сынды ағаларымыз, қаншама шындықты шырқырай жазған тілшілеріміз, ел ағалары, жазышыларымыз, ақындарымыздың бәрі де кешегі қанды оқиғаның аманатын бүгінгі ұрпаққа жеткізушілер деп білеміз.
Президенттің жарлығымен 1996 жылы 9- желтоқсанда Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековке "Халық қаһарманы" атағы беріліп, айрықша ерекшел
Страницы: << < 3 | 4 | 5 | 6 | 7 > >>