Тәуелсіздік -елімнің еркіндігі

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>

н кімдер қатысты, ол оқиғаға сол кезде қандай баға берілді?
1986 жылы желтоқсанның 16- да Қазақстан Компартиясы орталық комитетінің 18 минутқа созылған пленумы Д. А. Қонаевтың орнына Кеңестер
Одағының Коммунистік партиясының ұсынысы бойынша Г. Колбинді тағайындайды.
Нұржан:
Ол бұған дейін Ульяновск облыстық комитетінің бірінші хатшысы болып істеген. Республикаға мүлдем бейтаныс болатын. 17 желтоқсанда таңертең Алматыда жаппай толқу басталды, басқа да қалаларға тарады. Г. Колбиннің жоғарға басшылыққа тағайындалуы сылтай ғана еді. Жастар Бережнев алаңына жинала бастады. Алаңда: "Біз, қазақ, ежелден еркіндік аңсаған", "Әрбір ұлтты өз көсемі басқарсын!", "Тәуелсіздік керек!" деген ұрандар айтылды.
Айгерим:
Республика басшылары олардың пікірін тыңдағысы келмеді. Саяси наразылықты үкімет билігіне төнген қатер депбағалап, көп күшпен алаңдағы жастарды қоршап алды.
Дарима:
Алматыға әр аймақтардан әскердің арнайы бөлімдері жіберілді. Түрмеге қамалды. Өз елінің тәуелсіздігін талап етіп, шеруге шыққан жастарға "Бұзақылар, ұлтшылдар, нашақорлар" деген кінә тағылды. Көптеген студент - жастар оқу орнынан шығарылды.
Жансулу:
Тәуелсіздік жолында Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Спатаев, Сәбира Мұхамеджанова сияқты қазақ жастары желтоқсан оқиғасы кезіңде қайсарлықпен ерлік көрсетіп құрбан болды.
Томирис:
Жастарды ұрып - соғып жазалау, түрмеге қамау, ақиқатты айтқызбау, жала жауып соттау 1937 жылғы сұмдықтардың өзгеше бір иірімдегі қайталануы еді. Жазықсыз жаланың құрбаны болған Ахмет, Мағжан, Жүсіпбек, Сәкен, Ілияс, Бейімбет аталарымызды еске түсірейікші. Қазақ халқы не көрмеді. Олардың ерлік үрдісін өзімізге мұра деп қабылдап, ерлік үлгісін Ту етіп көкке көтеруге қашан да дайынбыз.

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: