ік белгісі - "Алтын жұлдыз" тапсырылды.
Айгерим:
Сәбира, Ләззат, Ерболдарға "Ақтау жөніндегі анықтама" қағаздары берілді. Иә, төрткүл дүниені дүр сілкіндірген әйгілі желтоқсанның арман тілегі орындалып, елімізде тәуелсіздік таңы атқалы бері биыл 25 болыпты.
Томирис:
Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекет тәуелсіздігі туралы" Жарлығы жарияланысымен-ақ дүниежүзінің құлағы елең етіп, егемендігін алған ерікті Қазақстанды мойындай бастады.
Мырзабек:
Содан бері әлемнің барлық елімен Қазақстан емін - еркін достық байланыс жасап үлгерді.
Нұржан:
Бұл күнде Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше. Қазақстан Қарулы Күштері құрылды. Тәуелсіз Қазақстанның Конституциясы бекітілді. Қазақстан бүкіләлемдік сауда ұйымына кірді. Ұлттық теңгеміз өмірге келді.
Динмухамед:
Қазақстан әлемнің өзге өркениетті елдері сияқты жаңа ғасыр табалдырығын
аттады. "Expo -2017" жылы халықаралық көрмесі елордамыз Астанада өтетін болды.
Аяулым:
Ендеше, Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын!
Жансулу:
Бүгін біз жер басып жүрген барша халықтан бір қарағанда айырмашылығы жоқтай көрінгенімен, айтар ойы биік жұлдыздар туралы айттық.
Нұрдана:
Ол қандай жұлдыздар? Жарқ етіп сөнген жасындай, аз ғана ғұмыр кешсе де, өмірдің бар қызығын тәрк етіп, бүкіл күш - қуатын, дастық жігерін, махаббатын туған халқына арнаған жұлдыздар.
Мұғалім:
Ежелден - ақ батыры мен биі, ақыны мен серісі, ақылманы, данышпаны көп халық едік қой.
Шоқтығы биік Шоқаннан бастап, поэзия көгінде алаулаған Сұлтанмахмұт Торайғыров, батыр ұлдар - Төлеген мен Талғат, Мәлік, Бауыржан, Қасым, Шығыстың қос шынары Мәншүк пен Әлия, тағы басқа есімдері аталмаған талай ұл-
Страницы: << < 4 | 5 | 6 | 7 > >>