Тәуелсіздік -елімнің еркіндігі

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

көрсетеді. Көтеріңкі көңіл - күймен отырыңыздар!
Бақытнұр:
Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мұң тілімен.
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.
Нұржан:
Мен қазақпын, қаныммен, сүйегімен,
Сән салтанат салтымды сүйемін мен.
Бақ орнатам басына моланың да,
Мұрагермін оған да, бас иемін.
Дарима:
Мен қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым өмірге, қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске
Айта бергім келеді, айта бергім!
Мырзабек:
Қазақстан Республикасы - егеменді, тәуелсіз мемлекет 2016 жылы тәуелсіздігімізге 25 жыл толып отыр. Республикамыздың тәуелсіз мемлекет ретіндегі белгілері: Мемлекеттік Елтаңбасы, Туы, Әнұраны бар.
Елтаңба,ту, әнұран жайлы оқушылардың пікірін тыңдау
. Айгерим:
Неше ғасыр орысқа бодан болдың,
Бәріне де көңдің - ау, қойдан момын.
Боздақ кеткен Арыстарға жала жауып,
Ақтап алып жетті ғой әрең қолың.

Динмухамед:
Сұм соғыс аналарды жесір еттің,
Шырылдайды дауысы жетімектің.
Ұлы Жеңіс келді деп тойласақ та,
Тарихтан орын алған қасірет күн.
Жансая:
Сәбира, Ләззат ару, Қайраттардың,
Қазақ деп шырылдаған шыбын жаны.
Желтоқсанда алаңды қаңға бояп
Арман болып жеттің ғой, Азат таңым!
Нұрдана:
Міне, осылай өтті өмірден талай батыр
Әулиелер, даналар, небір пақыр,
Азат таңым жеттің ғой сағым болып,
Аналардың жасымен небір асыл.
Жансулу:
Қазағым, ынтымағың бөлінбесін,
Бөлініп абыройың төгілмесін.
Сан ғасырлар арман болған Тәуелсіздік
Мінекей, төредей боп төрімдесің.
Ән "Алға Қазақстан!" орындайтын Серикболат Мырзабек.

Аяулым:
Сонымен желтоқсан оқиғасы не себептен болды, қалай болды, оға

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: