Тілсіз ұлт болмайды

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Қамбаров Ерлан Үсенұлы
"16 жалпы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
дене шынықтыру пәнінің мұғалімі



Тілсіз ұлт болмайды!

Тәуелсіздік және тіл. . . Қасиетті де қастерлі егіз ұғым! "Қасиетті" деген сөз ең асыл да ұлы ұғымдардың бірі болса, менің де тәуелсіздік пен тілді ұлы ұғымға теңеуім - заңды құбылыс.
Егеменді ел болып еңсемізді көтеру біз үшін оңайға түспегені баршамызға аян. Тарих атты тағылымға зер салып, өткенге көз жүгіртпей "тәуелсіздік таңы атты жарқырап" деп жар салуымыз елінің бүтіндігі, халқының бақыты үшін қасық қаны қалғанша, бойда күші солғанша ер мінез танытқан кешегі асыл ерлеріміздің алдында үлкен сын болар еді. Тәуелсіздік жолында қайсар халқымыз нелер зұлмат, нәубетті басынан кешірмеді дейсіз. . . Сол зобалаңдардың бірі - ізі суып үлгермеген кешегі 1986 жылғы ызғарлы желтоқсан оқиғасы.
Кең алаң!
Жиналған жұрт шындық тілеп,
Жол іздеп шырғалаңнан тұрды жүрек.
Ұйтқыған ақ боранда күрсініп ел
"Аһ ұрды" жатқандай боп күн күркіреп.
Кіл жастар!
Алаңда тұр таңда халық,
Үрейін үмітіне жалғап алып.
Бір сұмдық болып жатты желтоқсанда
Көшесін Алматының қанға малып. . .
Иә, қаһарлы желтоқсан күндерінде халқының ар-намысын қорғап, шындық ауылын іздеп шырылдап алаңға шыққан қыршын жастар, алтын сақадай ұл-қыздарымыз кімдер еді? Олардың жан-дүниесін сонша тебіренткен нендей күш? Ол, әрине, ұлттық намыс, бойында қазақы қаны бар әр азаматтың сана серпілісі, жүрек дүрсілі, жастық жігері еді.
Жастық жігер дүбірлеткен алаңды,
Азат етті менің балғын санамды.
Тұмшалаған ата-баба тарихын
Азат етті ұлан байтақ даламды.
Ұлан байтақ даламыздың азаттық алып, дербес мемлекет болуы қ

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: