Тілсіз ұлт болмайды

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4

ң айрықша мәнін түсіндіріп отыру қажет". Көк найзаның ұшымен, арынды ата-бабаларымыздың күшімен, жастардың қайсар ісімен қол жеткізген асылдарымызды бағалау - әріде елінің егемендігін аңсап өткен әзиз ата-бабаларымыздың, беріде желтоқсанның ызғарына ұрынып, қан кешіп кеткен Ләззаттай қызғалдақ қыздарымыз, "қазағым" деп қабырғасы қайысқан Қайраттай ұлдарымыз сынды желтоқсан құрбандарының алдында әрбір саналы азаматтың парызы болмақ. Көреген көшбасшы, кемеңгер елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының тілімен айтқанда: "Қазақстанның болашағы қазақ тiлiнде, тiлсiз ұлт болмайды. Өз тiлiмiздi сақтау, өз тiлiмiздi құрметтеу отаншылдық рухты оятуға қызмет етедi әрi ата-баба алдындағы ұлы парызымыз!".
Қорыта келе айтқанда, қолда бар асылымыздың құнын түсініп, бағалай білейік дей келе мені толғандырған ой толғауымды мына өлең шумақтарымен аяқтағым келеді:
Ежелден аңсағаным теңдік еді,
Егемендік деп соққан ел жүрегі.
Асқақтай әнұраным орындалып
Көгімде көк байрағым желбіреді.
Теңдіктің атып таңы даламызға,
Оралып өз орнына санамыз да.
Жаршысы жаңа өмірдің - Тәуелсіздік
Жиырма төрт жыл жасап жатыр арамызда.
Көз салып келешектің нұр таңына,
Жазылар жақсылыққа жыр сағына.
Аңсаған ата-баба - Егемендік
Бергейсің тек тыныштық ұрпағыңа!























Страницы: <<  <  2 | 3 | 4
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: