Тілсіз ұлт болмайды

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

ұтастығына ең негізгі ұйытқы болған - оның ғажайып тілі" деді емес пе Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев. "Халықтың мәңгі ғұмыры оның тілінде, әрбір тіл өзінің халқы үшін -Ұлы",-дейді Ш. Айтматов.
Тілі менен ділі үшін,
Толарсақтан қан кешкен
Түп атамыз көк түрік!
Тәуелсіздік тағдырдың
Тәбәрігі деп біліп,
Тәуелсіз елдің түлегі-
Тәуелді болмай бөтенге
Танып, біліп өткенді
Танытайық тектілік!
А. Мауданов
Қалай ойлайсыз, бүгінгі тәуелсіздігіміз кемелденген шақта біздің төл тіліміз шын мәнінде құдіретті де ұлы болып тұр ма? "Айтпаса, сөздің атасы өледі",-демейді ме атам қазақ. Өз үйінде жүріп өгей болған баланы көргеніңіз бар ма? Жоқ, әрине. Ендеше, біздің бабаларымыздың асыл да дана тілі масыл да шала болып неге босағадан сығалауы керек?! Тілі жүдеген елдің рухы жүнжиді. "Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту - бүкіл ата-бабаларымызды, тарихымызды ұмыту"- деді емес пе рухты батырымыз Б. Момышұлы. ". . . жалтақтауды қоятын заман туды, қазақ тiлiнiң болашағы қазақтардың өздерiнiң қолдарында", "Өз тілімізбен өмір сүрейік!"- бұдан артық қалай айтуға болады? Қажет десеңіздер, одан да оңайлатып айтайын: "Қазақпен қазақ қазақша сөйлессін!"-деген Елбасымыздың ұранды ескертулерін неге елемеске?! Олай болса, бойда намысы бар әр азаматтың міндеті - қастерлі тілімізді өз тиісті орны тәуелсіздік төріне шығару. Ал өз кезегімізде біздің, қазақ тілі мамандарының басты міндеттерінің бірі І. Кеңесбаевтің сөзімен айтқанда мынадай болмақ: "Ана тілін құрметтей білуді насихаттау - басты міндеттердің бірі болуға тиісті. Ғылым мен техниканың, мәдениет пен әдебиеттің табыстарын білу құралы, өмірдің әр саласын тани білу құралы бола алатын ана тілімізді сүйе білуді

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: