Тілсіз ұлт болмайды

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

азақ халқының ғасырлар бойы аңсаған арманы еді. Міне, сол ұлы күнге біз құдіретті Аллаһ тағаланың қолдауымен кеудесіндегі жұдырықтай жүрегі "елім" деп соққан жалынды жастарымыздың ерен өжеттігімен жеттік деуге болады. Тәуелсіздік табалдырығында тұрған осы жан тебірентер сәтте қазақ елінің еркіндігі, бостандығы жолында бас тіккен азаматтардың, олардың қатарында бұл күнге жете алмай, тұғырлы да туған Қазақстанның егеменді ел, тәуелсіз мемлекет болғанын көре алмай өмірден өткен желтоқсан құрбандарының рухы, алаштың азаттығын аңсап өткен ата-бабаларымыздың асыл арманы осы қол жеткізген жеңісімізді, ұлттық бағалы құндылықтарымызды қасиет тұтып, қастерлей алмасақ бізді кешіре алар ма?!
Тағдырдың өткен тезінен,
Тарихтың құрдас өзімен.
Тілді деме жұпыны.
Тұтастыққы үндеген,
Талай заман түрлеген
Тіл болар ұлтқа құт ұлы!-деп ақын жырлаған қасиетті ұлы ұғымның бірі - тәуелсіздігіміздің төл белгісі іспеттес талай ғасырлық бабалардың асыл да бай тарихын саф алтындай бізге сыйға тартқан бағалы тіліміз.
Қазақ тілі-
Атаң, Анаң.
Қуат алар
Отан да одан.
Дүниеде ешбір асыл
Тең келмейді қатар оған,-деген жыр шумақтары дүниедегі бар асылдардың асылы, тіпті баға жетпес байлығымыз-тіліміздің құдіреттілігін танытып тұр емес пе?! Біздің тіліміз - ауыл-үйдің тілі емес, ардақты тұлға Абайды атақты етіп әлемге танытқан Абай тілі, Қоңтажыдай қаһарлы қалмақ ханын тұқыртқан қаз дауысты Қазыбек тілі, әкемнің құты, шешеміздің сүтімен бойымызға сіңген бабалар тілі, халқымыздың бар асылын санамызға құйған даналар тілі! Ана тілі. . . Жүректің терең сырларын, басынан кешкен дәуірлерін, қысқасы, жанның барлық толқындарын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, сақтап отыратын баға жетпес қазына. "Ғасырлар бойы қазақтың ұлт ретіндегі мәдени т

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: