Таңғы жаттығулар кешені

Страницы: <<  <  4 | 5 | 6 | 7 | 8  >  >>

Аяқтың ұшымен шеңбер бойы жеңіл жүру.
Тәрбиешінің артынан жеңіл үйіріліп жүгіру.





Карточка 5
Сапта тұрып, бірінен кейін бірі тізіліп жүру, жүгіру, аяқ ұшымен жүру.
Шеңбер жасап тұру
Тік тұрып, қолды алға, жоғары, жанға созу,төмен түсіру.
Екі қолды жайып, көбелекке ұқсап ұшу, бір орында ақырын айналу, қону.
Қоянша секіру, аюша қорбаңдау.
"Балапандар жем шоқыды" жаттығуы: Отыра қалып саусақтарымен еденді тырсылдату
Дем алып, дем шығарып, жай жүріспен шеңбер бойы жүру

Карточка 6
Тәрбиешінің артынан шеңбер бойында жүру, жеңіл жүгіру, бірінің артынан бірі тұру.
Қоянша секіру, аюша қорбаңдау, құсша қанат қағу.
Шеңбер құрып тұру.
Басымен оңға, солға, алға, артқа иілу.
Қолдарын алға, жоғары көтеріп, төмен түсіру.
Аяқ алшақ, екі қолдарымен бүйірлерін таянып алып оңға, солға иілу.
"Денсаулығым керемет, жаттығуға рахмет!"

Карточка 7
"Маған қарай жүріңдер" ойыны. Бір бағытта топтасып жүру.
"Торғайлар болып ұшайық": Әртүрлі бағытта жеңіл жүгіру, қайта жиналу.
Шеңбер құрып тұра қалу.
"Біздің қолымыз қайда?" жаттығуы:Балалар қолдарын артқа жасырып, аяқтарын сәл ашып тұрады. "Қолдарың қайда?" деп сұраған кезде, "Міне,біздің қолымыз!" деп көрсетеді.
"Тик-так" жаттығуы. Сағат тіліндей екі жаққа кезек иілу.
"Күнге қол созамыз".
Тәрбиешінің артынан үйіріліп жүру.

Карточка 8
Тәрбиешінің артынан шеңбер бойы жай жүру, аяқ ұшымен жүру.
Қолды алға созу, жоғары созу, жанына түсіру.
Сағаттың тіліндей иіліп оңға бір, сағаттың тіліндей иіліп солға бір.
Баспен оңға,солға, алға, артқа иілу.
"Қарлығаш боп ұшайық"

Страницы: <<  <  4 | 5 | 6 | 7 | 8  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: