r/> Қазыбек би: Атым Қазыбек, әкем Келдібек би, ұлтым қазақ, руым Қаракесек.
Хан: Ендеше даусың қаздың даусындай қаңқылдап шығады екен, есімің қаз дауысты Қазыбек боп қайта жаңғырсын (Хан шапалақ ұрады).
Хан:Қазыбек сен сөзді жүйелеп, жеткізіп айттың. Сөз сүйектен деген менде бұл бітімгерлікпен келісемін. Барлық қамаудағы қазақтарды босатамын. Қазақтарды босатыңдар!
Уәзір: Ләппай, тақсыр!
Оқушы:
Әйтеке би-қазақтың атақты биі, мемлекет қайраткері. 1644-1700 жылдары өмір сүрген. Әйтеке шешендігімен әділдігімен бірге жоңғарлармен болған ұрыстарда қол бастаған батыр да болды. Ел аузында Әйтеке би айтқан билік, шешендік сөздер, толғаулар, баталар көп сақталған. Оны халық "Айыр тілді Әйтеке" деп атаған.
Тарих ата:
Болат хан Тәуке ханның баласы ұйымдастырушылық, қолбасшылық қабілеті болмаса да мұрагерлік жолмен хан сайланады.
Оқушы:
Болат хан билік құрған кезде қазақ Ордасы ойраттардың бірнеше ірі шапқыншылығына ұшырады. Қазақ тарихындағы қасіретті "Ақтабан шұбырынды" Болат хан тұсында болған.
Оқушы:
"Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама" 1723-17 жылдар аралығындағы қазақ елінің басына күн туған ауыр кезең. 1718 жылы Тәуке хан қайтыс болғаннан кейін үш жүздің дербестеніп, бір-бірінен алшақтануы Қазақ хандығының әскери-саяси қуатын әлсіретті.
1- жүргізуші:
Осы тұста халықтың жүрегінде мәңгі сақталған ащы зар мен ауыр мұңға толы "Елім-ай" әні дүниеге келді.
Хор: "Елім-ай"
Тарих ата:
"Ақтабан шұбырынды" азаматтықты аңсаған халықтың күш жігерін жасыта алмады. Халық бірікпей тірлік болмайтынын түсінген ұлт перзенттері Бөгенбай, Қабанбай, Саурық, Жәнібек, Малайсары, Абылай, Әбілқайыр бастаған қалың ер жоңғарл
Страницы: << < 3 | 4 | 5 | 6 | 7 > >>