Тарих-дастан

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5 | 6  >  >>

хан билігі Әбілқайырға берілді.

Тарих ата:
Үш жүздің билері: Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билер болды.

Оқушы:
Төле би қазақтың атақты биі, мемлекет қайраткері, Ташкенттің билеушісі 1663-1756 жылдары өмір сүрген. 15-20 жасында билікке араласып, әділдігімен, шешендігімен елге танылады. 1726 жылғы Ордабасы жиынында Төле би халықты жоңғар басқыншыларына қарсы соққы беруге үндеді. Болашақ Абылай ханды өкіл бала етіп тәрбиелеп, үлкен азамат қатарына қосуда Төле бидің қызметі орасан.

Оқушы:
Қазыбек би, Қаз дауысты Қазыбек-қазақтың атақты биі, мемлекет қайраткері. 1667-1764 жылдары өмір сүрген. Ол қате кесім, қанды өлімге тиым салуды жақтады. "Қанға-қан, жжанға-жан" дейтін тоқтам байламды барынша жеңілдетіп оның орнына құн төлеу сияқты жаза түрін "Жеті жарғыға" енгізуге күш салды. Қазыбек ел дауын шешуге жастайынан араласып, "бала биден" "дана би" деген атаққа дейін көтерілген.

1-жүргізуші:
Қазыбек би 1710-1711 жылдары бітімшілік міндетпен үш рет Жоңғар хандығына барады.

Көрініс:
2-жүргізуші:Жоңғар хан ордасы Жоңғар қонтайшысы Сыбан Раптан тақта отыр.
Уәзір: Ләппай тақсыр! Қазақтар келіп тұр.
Хан: Кірсін! (Бір топ қазақ елінің адамдары кіреді).
Хан:Иә, қазақтар! Неменеге келдіңдер? Айтатындарыңды тездетіп айтып, елдеріңе қайтыңдар.
Қазыбек би: Біз-қазақ деген елміз, бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз, дәм тұзды ақтай білген елміз, сен қалмақ та , біз қазақ қарпысқалы келгенбіз, табысуға көнбесең, шабысқалы келгенбіз. Сен темір де, біз көмір еріткелі келгенбіз. Берсең жөндеп бітіміңді айт, не тұратын жеріңді айт!
Хан:Сенің атың кім?

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5 | 6  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: