Тарих-дастан

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>

ot;-қазақтың ұлы хандарының бірі. Туған жылы белгісіз, 1628 жылы қайтыс болған.

Оқушы:
"Есім ханның ескі жолы"-дәстүрлі қазақ қоғамындағы әдет-ғұрып заңдарының жиынтығы. Оның негізі Қасым хан тұсында "Қасым ханның қасқа жолы" деген атпен 1511-1513 жылдары қабылданған. Дау шешіп, төрелік айту құдыретін иеленген би-қазылардың оны білуі міндетті саналған.

Тарих ата:
Жәңгір хан, Салқам Жәңгір-қазақ ханы, Есім ханның ұлы. 1608 жыл шамасында дүниеге келген, 1652 жылы қаза болған.

Оқушы:
1643 жылы Андасай бойындағы Кеңгір деген шақпақ таулы мекенде алты жүз ғана сарбазбен Жәңгір хан Батыр қонтайшының елу мың әскеріне қарсы тұрып, оларды шегінуге мәжбүр етеді.

Тарих ата:
Тәуке хан туған жылы белгісіз 1715 жылы қайтыс болған. Жәңгір ханның ұлы.

Оқушы:
Үш жүзге билігі жүрген Тәуке хан тұсында Қазақ хандығы саяси жағынан нығайған, бір орталыққа бағынған мемлекет болды. Тәуке хан Қазақ Ордасында 1680 жылдан 1715 жылға дейін билік құрды.



Оқушы:
Тәуке хан 1690 жыл шамасында "Қасым ханның қасқа жолы", "Есім ханның ескі жолы" сияқты әдет өлшемдерін жаңғыртып, "Жеті жарғы" аталатын жаңа заң жүйесін енгізді. Тәуке хандықты билеуде негізінен әр жүздің билеріне арқа сүйеді.
(Жеті жарғы, Күлтөбе слайдта көрсетіледі )

Тарих ата:
Қарақұм құрылтайы-1710 жылы үш жүз өкілдерінің жоңғар басқыншыларына қарсы күрес ұйымдастыруы үшін құрылған жиын.

Оқушы:
Ол Арал теңізінің солтүстігіндегі Қарақұм алқабында өтті. Бұл бас қосуға ықпал жасаған Тәуке хан болды. Жиынға қатысушылардың пікірлері ортақ болған жоқ. Олардың бір бөлігі жоңғарларға қарсы шабуыл жасауға көндірді. Жасақтарға Бөгенбай жетекші болып сайланса,

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: