Қасым сұлтанның ұлы.
Оқушы:
Кенесары 1802-1847 жылдары өмір сүрген. 1837 жылдан 1847 жылға дейін ол елін азат ету үшін Ресей империясымен күресті. Ресей үкіметі Кенесарының басына 3000 сом сыйақы тігеді. Генерал Вишневский қырғыз манаптарымен күш біріктіріп Кенесарыны 500 сарбазымен қоршауға алады. Осы шайқаста Кенесары ерлікпен қаза табады.
Тарих ата:
Жанқожа Нұрмұхаметұлы- қазақ батыры.
Оқушы:
Жанқожа батыр1774 жылы Сырдария бойында дүниеге келіп, 1860 жылы Қызылқұмда қаза тапқан. Сыр бойы қазақтарының Хиуа, Қоқан хандықтары езгісі мен Ресей отаршылдарына қарсы ұлт- азаттық көтерілісінің басшысы.
Тарих ата:
Сонымен балаларым мен сендерге қазақ елінің басынан өткерген оқиғаларын баяндадым. Осы бабаларымыздың ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен алып берген ұлан байтақ жердің ендігі қорғаны сендерсіңдер. Ары қарай тәуелсіз қазақ елінің көк туын желбіретіп, әрқашанда биік ұстаңдар.
Ән: " Көк тудың желбірегені"
Страницы: << < 5 | 6 | 7