Тарих-дастан

Страницы: <<  <  4 | 5 | 6 | 7  >  >>

арға қарсы майдан ашты. Хан тауына Орда тігіп, Аңырақай шайқасында ұлы жеңіске жетті.

Оқушы:
Аңырақай шайқасы-бірікке қазақ қолының жоңғар басқыншылығына қарсы азаттық соғысында бетбұрыс жасаған ең ірі жеңісі Аңырақай шайқасындағы жеңіс қазақ халқының рухын көтеріп, болашаққа деген сенімін арттыруды бұл жеңіс көрші елдерге қазақ хандығының қуатты ел екендігін паш етті.


2- жүргізуші: Нұрғиса Тілендиевтің күйі "Әлқисса"

Тарих ата:
Әбілқайыр Мұқамбет- қолбасшы, қазақ ханы. 1710 жылы Кіші жүздің ханы болып сайланды.

Оқушы:
Әбілқайыр хан 1693-1748 жылдары өмір сүрген. Ол 1731 жылы қазанда Ресей империясының қарамағына кіргендігі жөнінде ант берді. Ант беру арқылы ол тұтас елге билік жүргізуді ойлады. Алайда Ресей саясаты да тереңде жатты. Ресей империясы қазақ жерін бүтіндей отарлауды көздедеі. Әбілқайыр хан бұл саясатты бірден түсініп, отаршылдықтың барлық көрінісіне қарсылық байқатты. 1748 жылы Әбілқайыр ханды Барақ сұлтан өлтірді.

Тарих ата:
Абылай хан, Әбілмансұр- қазақ халқының ұлы ханы, қолбасшы және дипломат.

Оқушы:
Абылай хан 1711-1781 жылдары өмір сүрген. Абылай- Жәңгір ханның бесінші ұрпағы. "Ақтабан шұбырынды" жылдарында жетім қалып, Төле бидің түйесін жылқысын бағады. Ол кезде бар болғаны 13 жаста болатын. Түріне қарап Төле би оған Сабалақ деген ат қояды. Абылай 20 жасында майданда ерлігімен танылады. Ұрыстарға үлкен әкесінің әруағын шақырып "Абылайлап" шабатындықтан Әбілмансұр есімі ұмытылып, Абылай атанады. . Абылайдың әскери қолбасшы ретіндегі қабілеті 1730-1740 жылдары көрінеді. Қаһарлы хан, ұлы қолбасшы Абылай хан дарынды күйші ретінде де тарихта белгілі.

Тарих ата:
Кенесары қазақтың соңғы ханы. Абылай ханның немересі.

Страницы: <<  <  4 | 5 | 6 | 7  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: