Суретшілер және олардың шығармалары

Страницы: <<  <  8 | 9 | 10 | 11 | 12  >  >>

жылы Халық суретшісі құрыметті атағы берілді.
С. Романов жас кезінде балалар үйінде тәрбиеленген. Москва көркемсурет мектебінде оқыған. Ол 1944-47 жылдары Ленинградтағы көркемсурет институтында оқыды. Суретші 1955 жылы Бүкілодақтық мемлекеттік киномотография институтын бітірді.
Суретші С. Романов 50-60 жылдар аралығында "Қанатты сыйлық", "Алдар Көсе", "Жангелдин отряды", "Найзатас", "Ас беру", "Қырық өтірік", "Құрманғазы" атты кинофильмдеріне декорациялар жасады. Сонымен қатар аталған кинофильмдерге арнап кейіпкер костюмдерінің нобайларын эскиздерін салды. Суретші Сахи Романов шығармашылығында ақын "О. Сүлейменов", "Автопортрет", "Мұхаммед Хайдар Дулати" портреттері ерекше орын алады. Сахи Романов шығармашылығында "Жер туралы декрет", "Отан аспаны аясында", "Бұғаудан босану", "Төлектің тор жайлауында", "Бектау аты", "Аврора жаңғырығы", "Құсбегі" картиналары ұлттық колоритімен, символдық тілімен ерекшеленіп, суретшінің өзіндік қолтаңбасын айқын танытады. Суретші С. Романов "Еңбек Қызыл Ту және Құрымет Белгісі" ордендері мен наградталған.
Қазақстанның халық суретшісі (1980), Қазақстан өнеріне еңбек сіңірген қайраткер (1965) Евгений Матвеевич Сидоркин Ресейдегі Киров облысының Лебятье селосында 1930 жылы 5 шілдеде дүниеге келіп, 1982 жылы 3 қыркүйекте Алматы қаласында қайтыс болған.
Е. Сидоркин 1951жылы Қазандағы көркем сурет училищесін бітірді. 1951-52 жылдары Ригадағы көркемсурет училищесін академиясында оқыды. 1957 жылы Ленинградтың кескіндеме мүсін және архитектура институтын бітірді. 1957 жылдан бастап Е. Сидоркин Алматы қаласына жұмысқа орналасты. Осы жылдары суретші Е.

Страницы: <<  <  8 | 9 | 10 | 11 | 12  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: