Сидоркин, С. Михалковтың мысалдарына арнап автолитографияларды жасады. Е. Сидоркиннің бұл еңбектерін өзіндік қолтаңбасы бар дарынды график екендігін аңғартты.
Қазақтың халық ертегілеріне арналған "Көңілді алдампаздар" (1958), "Қазақ эпосы" (1959), атты иллюстрациялары оның есімін қазақ жұртына кеңінен таныстырды. Суретші график Е. Сидоркин 1963-64 жылдары "Қазақтың ұлттық ойындары" атты автолитографиялар топтамасын, "Сәкен Сейфулинді оқығанда" деп аталатын графикалық суреттерін жасады. Қазақ халқының тіршілік болмысына, оның ішкі сыр-сипатына терең бойлаған бұл топтама суреттері 1965 жылы Лейпцигтегі көрмеде алтын медаль алды. "Ақсақалдар" (1959) атты автолитографиялық топтамасы мен М. О. Әуезовтың "Абай жолы" романына (1960) жасаған иллюстрациялары үшін Е. Сидоркинге 1970 жылы Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығы берілді.
Суретшінің "Ғасырлар түнегінен" (1971-79) атты үлкен автолитографиялық топтамасы, М. Салтыков-Щедриннің "Бір қаланың тарихы" атты (1974-78) романына салған иллюстрациялары көрермендерден жоғары бағасын алды. Сонымен қатар Е. Сидоркин монументті сәндік өнер саласында жемісті еңбек етті. Ол Алматыдағы "Целинный" кинотеатрының фоэсіне арнап көп қабатты түрлі-түсті сграфитто композициясын жасады. Суретші О. Богомоловпен бірге балалар фронтонының мозайкалық үлкен панносын жасады.
Қазақстанға белгілі суретші Алексей Степанов Пенза облысы, Пенза ауданы, Чемодановка селосында 1923 жылы 19 қаңтарда дүниеге келді. Ол 1933 жылы Пенза көркемсурет училищесін, 1952 жылы Ленинградтағы кескіндеме, мүсін және архитектура институтын бітірді. Сол жылдардан бастап А. Степанов Алматыда тұрып шығармашылық жұмыстармен айналыса бастады.
Алексей Степановқа 1969 жылы &quo
Страницы: << < 9 | 10 | 11 | 12 | 13 > >>