алып жүрді. Суретшінің 20 жылдардағы еңбектері индустриалды Қарағанды мен туған жер табиғатының көріністерін бейнелеуге арналды. 30 жылдары тушьпен салынған еңбектерінде "Қарағанды", "Қарағанды шахтерлары" шахтерлер өмірін бейнелейді. Оның карикатурасы мен плакаттары ("Теңіздің ар жағынан", "Жарылып кетті") терең мағыналы сынға құрылған.
Ұлы Отан соғысы жылдары (1941-45) қазақ суретшілері Қазақстанға келген орыс суретшілерімен бірлесе отырып соғыс жанры және тарихи тақырыптарда картиналар жазып, халықтың қажымас ерлігі мен соғыс қаһармандарының, тылдағы еңбек ерлерінің бейнелерін жасауға белсене қатысты.
Соғыстан кейінгі жылдары суретшілердің профессионалдық шеберлігі өсіп, өз шығармаларында халық өмірін терең әрі мазмұнды қамтыды. А. И. Черкасскийдің "Дина мен Жамбыл" картинасы, В. Антошенко - Оленовтың "Сәкен Сейфуллин", "Ілияс Жансүгуров", Х. Наурызбаевтің "Жамбыл", "Құрманғазы", Ә. Қастеев пен И. Леонтьевтің "Қазақстан кілемшелері" шығармаларында қазақ адамдарының рухани жан дүниесінің тазалығы, жан-жақты көрініс тапты.
Қазақстан өнерінде әйелдер арасынан шыққан тұңғыш суретші А. Галымбаева еңбектерінің алар орны ерекше. Ол өз еңбектерінде қазақ әйелдерінің өмірін сүйсіне бейнеледі. 1950 жылдары Москва, Ленинград көркемсурет институттарынан білім алған өзіндік қол таңбасы бар суретшілер ұлттық бейнелеу өнерінің дамуына игі әсер етті. А. Ғалымбаева "Дастархан", "Қостанай перамидалары" картиналарын жазды.
Қазақстан бейнелеу өнеріндегі ерекше тұлға Қ. Т. Телжанов. Қанапия Темірболатұлы Телжанов 1927 жылы 1 майда Омбы облысы Байқұдық аулында туылған, қазақ кескіндемешісі , Қазақстанның халық суретшісі (1961), КСРО Көркемсурет академ
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>