Суретшілер және олардың шығармалары

Страницы: <<  <  18 | 19 | 20 | 21  >  >>

ң лауреаты атағы берілді.
Орта Азия және Қазақстан Респубикаларының "Плакат және кітап" өнерін республика аралық конкурсында "Тазша бала", "Қушыкештер", "Көсе кісі", "Ауған ертегілері", "Құйыршық" атты кітаптар І-дәрежелі, "Нан мен тұз" (С. Жиенбаев), "Өлген қазан" атты кітаптар ІІ дәрежелі, "Бағдат" атты кітап ІІІ дәрежелі дипломдармен атап өтілді. "Радуга" баспасынан (Москва) жарық көрген. "КСРО халықтарының ертегілері" атты бес томдықты көркемдеуге қатысқаны үшін 1985 жылғы бүкілодақтық "кітап өнері" конкурсында ол ең жоғары награда - Иван Федоров атындағы дипломға ие болды. Меңдібай шығармашылығы шетел көрермендерінің де назарын аудара бастағаны белгілі. Оның Лейпциг "ИБА-89" көрмесіне қатысқан "Қушыкештер күлкісі" атты кітапқа жасаған безендіруді күміс медальды жеңіп алды.
Сәрсенбай Сәлменұлы Әлиев 1956 жылы Гурьев қаласында туған. 1985 жылы Алматы мемлекеттік театр және көркемсурет институтына түсті. Жас суретшінің еңбектері алғаш рет 1978 жылы өткен жас суретшілер көрмесінде жоғары бағаланды. Қылқалам шебері мұнан кейін 1982-1983 жылдары өткізілген жас суретшілердің көрмесіне қатысып, қабілетін жан-жақты таныта түсті. Оның "Балыққа байланысты натюрморт", "Айлы түн", "Жаңа қайық", "Отарда" сияқты майлы бояумен салған суреттері көрермен көңілінен шығуда.
Ғалым Рысбекұлы Ахметов 1969 жылы Алматы қаласында туған. Алматы театр және көркемсурет институтының сурет факультетінің мүсін бөлімінде оқыды. Республикалық жас суретшілер көрмесінде Ғалымның "Желтоқсан", "Отыз екі жыл ашаршылық", "1937 жыл", "Ату жазасы" еңбектері жұртшылықтан жоғар

Страницы: <<  <  18 | 19 | 20 | 21  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: