quot; гобелені үшін Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.
Қазақ бейнелеу өнерінде пейзаж жанрымен ерекше танылған суретші Ж. Шарденов болды. Шарденов Жаңатай 1927 жылы 4 сәуірде қазіргі Ақмола облысы, Мариновка ауданы, Ковылевка селосында туған. Оған 1981 жылы Қазақстанға еңбек сіңірген өнер қайраткері деген құрметті атақ берілді. Ж. Шарденов 1961 жылдан Қазақстан Суретшілер одағының мүшелігіне қабылданды. Суретші Ж. Шарденов 1949 жылы Алматы көркемсурет училищесін бітірді. 1953-55 жылдары Ленинградтағы кескіндеме, мүсін және архитектура институтында оқыды.
Ж. Шарденов республикадағы пейзаж өнерінің жетекші маманы ретінде көпке танымал. Суретшіның шығармаларында туған ел табиғаты поэзияға толы өрнектермен астарланып, лирикалық көркем бейнелер көрініс тапқан.
Ж. Шарденовтың "Ағаш түбіндегі шағын үй", "Жас қайыңдар", "Қапшағай теңізі", "Алма арасан сайы, "Тауда", "Медеуге апаратын жол", "Кешкі әуен" шығармалары табиғат әсемдігін жырлаған. Суретшінің "Талас даласында", "Алатау бөктерінде" және "Көктөбе" картиналарында адам мен табиғат ерекше үндестік тауып, бояу түстерін шығарма мазмұнын аша түседі. Шебердің "Кезек", "Алматы жылу электр станциясы", "Теміртаудағы завод" атты индустриалдық пейзаждары көрерменге әсерлі, ырғақты, әрі көркем туындылар.
Ж. Шарденов шығармашылығында пейзаж бен қатар "Сары гүлдер", "Капуста" деп аталатын натюрморттары бар. Суретші салған жазушы С. Бегалин, батыр Т. Бигелдинов портреттері республикалық көрмелерге қатынасқан.
Қазақстан бейнелеу өнеріндегі кескіндеме саласында белгілі тұлға А. Аханаев. Суретші Амандос Ақанаев 1949 жылы 1 мартта Алматы облысында туған.
Страницы: << < 12 | 13 | 14 | 15 | 16 > >>