ойынша көрме ұйымдастырылды. Суретші 1960-1979 жылдар аралығында "1916 жыл", "Ақындар даусы", "Ереуілшілер", "Жеңілгендер", "Маңғыстау мұнайшылары" атты триптихтарды "Қазақстан туралы поэма" панносын, бригадир П. Казакованың портреттерін жазды.
Ә. Сыдыхановтың шығармашылық еңбектері 1987 жылы Москва қаласында, 1979 жылы Польша мен Болгарияда өткен халықаралық көрмелерге қатысты. 1986 жылы "Шоқан Уалиханов" атты телевизиялық фильмді көркемдегені үшін Қазақстан мемлекеттік сыйлығына ие болды.
Қазақстан бейнелеу өнеріндегі тоқыма суретшісі, сәндік қолданбалы өнердің кәсіпқой суретшісі, қазақ гобеленінің негізін салушылардың бірі Қ. Тыныбеков болды. Құрас Тыныбеков - 1947 жылы 7 сәуірде қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы, Төле би ауданы Амангелді атындағы колхозда дүниеге келді. Құрас Тыныбеков 1976 жылы КСРО суретшілер одағына мүшелікке қабылданды. Ол 1966 жылы Алматы көркемсурет училищесін, 1971 жылы Украинадағы Львов қаласындағы Мемлекеттік сәндік қолданбалы өнер институтын бітірді.
Сәндік қолданбалы өнер шебері Қ. Тыныбеков 1971-78 жылдары Алматы көркемсурет училищесінде, 1978-80 жылдары Алматы Мемлекеттік театр-көркемсурет институтында оқытушылық, шығармашылық жұмыста болды.
Құрас Тыныбеков 1970-80 жылдар аралығында "Шоқан", "Дала балладасы", "Тау мен дала аңызы", "Әлем", "Өмір ағашы", "Тың парады", "Байқоңыр ырғақтары", "Медеу", "Байқоңыр", "Теңіз симфониясы" гобелендерін тоқыды.
Суретші 1976-80 жылы шетелдермен достық және мәдени байланыстарының қазақ қоғамы, Қазақстан Суретшілер Одағы Президиумының мүшесі болды. Қ. Тыныбеков 1981 жылы (қайтыс болғаннан кейін) "Қазақстан&
Страницы: << < 11 | 12 | 13 | 14 | 15 > >>