Суретшілер және олардың шығармалары

Страницы: <<  <  10 | 11 | 12 | 13 | 14  >  >>

t;Қазақстанға еңбек сіңірген өнер қайраткері" атағы берілді. Суретші "Бейбіт дала" (1965), "Көктемгі Алатау" (1969), "Бейбіт Алматы" (1980) пейзаждарын жазды. Сонымен қатар "Раушан гүлдер" (1955), "Күз" атты натюрморт салды. 50-60 жылдары "Р. В. Валиканованың", "Раушанның", "Л. Лотушкиноның" портреттерін жазды.
А. Степанов "Қазақстан Магниткасы", "Еңбек күндері", "Күміс Еңлікгүл", "Медеудегі жексенбі" атты кескіндеме шығармаларын 70-жылдары жазды. Суретші айналадағы өмірді, дүние поэзиясын, замандастардың рухани келбетін бейнелеуде асқан шеберлік көрсетті.
Кескіндеме шебері Алексей Степановтың шығармашылығындағы ерекше тақырып - космосты игеру. Ол 1960-1980 жылдар аралығында космос тақырыбына байланысты "Жұлдыздарға", "Жер планетасынан келген адам", "Жұлдызды аспан", "Космосқа", "Біз Байқоңырданбыз" атты картиналарын жазып, республикалық, бүкілодақтық және халықаралық көркемсурет көрмелеріне ұдайы қатысып тұрды.
Қазақстанға белгілі кескіндемеші Әбдірашит Аронұлы Сыдыханов қазіргі Атырау облысы, Индер ауданы, Кулагино селдосында 1937 жылы 12 тамызда дүниеге келді. Ол 1967 жылы КСРО суретшілер одағына, 1985 жылы Киномотографистер одағының мүшелігіне қабылданды. Ә. Сыдыханов 1966 жылы Алматы көркемсурет училищесін бітіріп, шығармашылық қызметін "Қазақфильм" киностудиясында бастады. Суретші 1967-1986 жылдар арасында қоюшы-суретші ретінде "Қараш-Қараш", "Құлагер", "Кездеспей кеткен бір бейне", "Өрнек", "Жусан" фильмдерін түсіруге қатысты.
1967 жылы Москва қаласында оның "Ән қанаты" атты фильміне жасаған эскиздері б

Страницы: <<  <  10 | 11 | 12 | 13 | 14  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: