Сурет салу

Страницы: <<  <  5 | 6 | 7 | 8 | 9  >  >>

ектепке дейінгі оқушыларға өнер өмірмен өзара байланысты жүйе екендігі туралы түсінік беруді көздейді. Балалардың өмірлік тәжірибесін, қоршаған орта мысалдарын кеңінен тарту қарастырылған. Қоршаған шынайы болмысты бақылау балалардың бағдарламалық материалды меңгеруінің маңызды шарты болып табылады. Шынайы болмысқа қатысты өз көзқарасын білдіруге деген ұмтылыс бейнелік ойлау дамуының көзі ретінде қызмет етуі тиіс. Балада адамның ішкі әлеміне деген қызығушылықты, өзінің қабілетін, өзінің ішкі уайымдарын сезінуді дамыту міндеті өнерді оқытудың басты мақсаттарының бірі.

5
Ұсынылатын қысқамерзімді ҰОҚ-нің жоспарлары қорытынды құрылым болып табылмайды және тәрбиеленушілер ұжымының даму деңгейіне қарай педагогтің қалауымен өзгертілуі мүмкін. Әдістемелік құрал балаларға зерттеу іс-әрекетінде алғашқы қадамдарды игеруге, ойлау үдерістерін дамытуға көмектесуге бағытталған қолжетімді әдістемелік тәсілдер, 6–7 жастағы балаларды шығармашылық оқытуды ұйымдастырудың ең тиімді формалары мен әдістерінен тұрады.
Қысқамерзімді жоспарларда күтілетін нәтижелер ұсынылған, әр сабақтың оқу мақсаттары әзірленген, көптілді компонентті (негізгі терминдер қазақ, орыс және ағылшын тілінде) қамтитын пәндік мазмұнмен жұмыс істеуге арналған тілдік мақсаттар айқындалған, сабаққа келгендегі тәрбиеленушілердің бұрынғы білімі көрсетілген. Бұл педагогке тақырып бойынша жұмыс перспекти-васын көруге және әр ҰОҚ нақты мақсаттарын қорытынды оқу мақсатымен салыстыруға көмектеседі. Тақырыптардың мазмұны басқа да білім салаларының материалдарымен үндеседі.
Қысқамерзімді жоспарда берілген оқу материалдары тәрбиеленушілерді түс нышандары, су-рет жанрларымен (натюрморт, пейзаж, портрет) таныстырады. Балалар туған өлкелерінің ұлттық мәдениетінің желісі бойынша сәндік өрнектер салуды, көңіл күйл

Страницы: <<  <  5 | 6 | 7 | 8 | 9  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: