індік береді.
БөлімБөлімше
1. 1. Сызықтар және сызық түрлері.
1. 2. Пішін және пропорциялар.
1.
Сурет негіздері. 1. 3. Түс.
1. 4. Текстура.
1. 5. Композиция.
2. 1. Құралдармен және көркем материалдармен жұмыс тәсілдері.
2. Материалдар мен құралдар.
2. 2. Құралдармен жұмыс барысында еңбек гигиенасы ережелері
мен қауіпсіздік техникасын сақтау.
Осы бөлімдердің мазмұны сегіз «ортақ» тақырып арқылы жүзеге асырылады:
«Мен кіммін және қандаймын?»
«Мектепке не үшін барамыз?»
«Менің айналамда кімдер бар?»
«Менің айналамды не қоршап тұр?»
«Жолдар бізді қайда бастайды?»
«Салт-дәстүрді білу не үшін керек?»
«Мен үшін не дәмді және пайдалы?»
«Денсаулықты қалай күту керек?»
Берілген ҰОҚ тәрбиеленушілердің өздерінің белсенді тәжірибелік іс-әрекеті арқылы сипатталуы ҰОҚ-нің айрықша ерекшелігі болып табылады. Сурет салу – мектепке дейінгі балалардың ерекше қуанатын сәті. Бала өзі үшін оның сиқырлы күшін ашады және бейне, зат, құбылысты жеткізу бары-сында алуан түрлі көркемдік мәнерлеу құралдарын пайдалана отырып, мол әсерлер арқылы оларды өзінің шығармашылығымен жеткізуге тырысады.
Тәрбиеленушілердің шығармашылық іс-әрекеті ҰОҚ-де алуан түрлі жеткізу формалары арқылы көрініс табады: суретке қарап, зерде бойынша, қиял бойынша бейнелеу; сәндік сурет; жұмыстар, жобалық (ұжымдық) және жеке жұмыстардың нәтижелерін талқылау; халық мұрасын зерттеу; оқытылатын тақырыптарға иллюстративті материал іріктеу; музыкалық және әдеби шығармалар (халық, классикалық, заманауи) тыңдау, бейнесюжеттер, тұсаукесерлер тамашалау. Тәжірибелік, рефлексивті іс-әрекет ҰОҚ-ін өткізуде басты іске айналуда.
Оқу материалының мазмұны м
Страницы: << < 4 | 5 | 6 | 7 | 8 > >>