ері мен сезімдерін білдіру арқылы сюжетті суреттер жасауды үйренеді, бейнелеу материалдарымен дәстүрлі емес жұмыс істеу туралы білімді меңгереді. Жеке іс-әрекетте шығармашылық міндеттерді атқаруда қалыпты емес тәсілдерді иге-реді.
ОӘК мазмұны тәрбиеленушілердің жеке практикалық шығармашылық сабақтарын сурет жанрлары бойынша кезектестіруді қарастырады, сондай-ақ ұжымдық (жобалық) шығармашылық іс-әрекет сабақтарын да қамтиды.
Ұжымдық жұмыс формалары әртүрлі болуы мүмкін: жұппен жұмыс, шағын топтармен жұмыс, әр тәрбиеленуші жалпы композиция үшін өз бөлігін атқаратын жеке-ұжымдық жұмыс. Біріккен шығармашылық іс-әрекет балаларды келісімге, ортақ міндеттерді қоюға және орындауға, бір-бірін түсінуге, құрдасының жұмысына құрметпен және қызығушылықпен қарауға үйретеді, ал жалпы оң нәтиже әрі қарай шығармашылық пен өз күшіне деген сенімге ынталандырады.
Сурет салу бойынша ҰОҚ өткізуге қажетті құрал-жабдықтар: болып табылады:
– «БЕЛКА» қылқаламы 3 - 6 (жалпақ тегіс қылқаламдар – флейцтер, жіңішке қылқаламдар);
– қылқаламға арналған тіреуіш;
– бояулар (акварель гуашь), кем дегенде 12 түс;
– су төгілмейтін стақан;
– қарындаштар (жай, түсті, кем дегенде 12 түс);
– қарындаштарға арналған тіреуіш;
– палитра;
– балауыз борлар;
– фломастерлер;
– мақта майлықтар;
– қағаз майлықтар;
– поролон сорғыштар;
– балауыз шамдар;
– интерактивті жабдықтар;
– сандық фотоаппарат;
– түрлі иллюстрациялар;
– суреттердің көшірмелері;
– тақырыптар бойынша көрсетілетін материалдар;
– тақырыптар бойынша бейнематериалдар топтамасы.
6
Әліппе-альбоммен жұмыс жасаудың
ерекшеліктері мен міндеттері
Әліппе-альбом материалдары болашақ бірінші сынып оқушыларын нақты білімге үйретуге емес, әзірленген шығарм
Страницы: << < 6 | 7 | 8 | 9 | 10 > >>