Сурет салу

Страницы: <<  <  7 | 8 | 9 | 10 | 11  >  >>

ашылық тапсырмалар жүйесі арқылы тәрбиеленушілерде шығармашылық қабілеттер, белсенділік, танымдық қызығушылық, коммуникативтік іскерліктерді дамытуға ерекше мән береді.
Иллюстративті материалдар мен оларға қатысты іріктелген сұрақтар өнердің адам өмірімен байланысын нығайтуға, қоғам өміріндегі өнердің рөлін мойындауға бағытталған.
Әліппе-альбомдағы шығармашылық тапсырмалар жасампаздық іс-әрекетте білімін, іскерліктері мен дағдыларын жүзеге асыра алатын бала тәрбиелеуге бағытталған. Әліппе-альбомда шығармашылық іс-әрекетке арналған қосымшалар (жұмыс парақшалары) бар. Алты жастағы балалардың жас ерекшеліктерін негізге ала отырып, әліппе-альбомға түрлі жағдаяттарда әрекет жасайтын «ортақ ойын кейіпкерлері» Қуаныш пен Айсұлу енгізілген.
Әліппе-альбоммен жұмыс барысында тәрбиеленушілер сурет салу материалдары, техникасы және тәсілдерімен танысады, нысандарды графикалық бейнелеу дағдыларын игереді, қоршаған ортамен танысу, тірі және өлі табиғатты бақылау кезінде, көркем әдебиетті оқу, белгілі қазақстандық суретшілердің иллюстрацияларын, көшірмелерін, халықтық сәндік-қолданбалы өнер туындыларын қарау барысында алатын әсерлерін сұлбалы формада, бейнелі түрде, шығармашылықпен жеткізу іскерлігін меңгереді.
Бағдарламалық материалды, іс-әрекетті меңгеру не эмоциялық жағдай деңгейін балалар рефлексия аясында бағалайды. Балалардың жұмыстарын олардың мазмұны, мәнерлілігі, сонылығы тұрғысынан талқылау балалардың назарын жандандырады, шығармашылық қарым-қатынас тәжірибесін қалыптастырады. Жүйелі түрде көрмелер ұйымдастыру балаларға өз жұмыстарын қайтадан көруге және бағалауға, жетістік қуанышын сезінуге мүмкіндік береді. Тәрбиеленушілердің сабақтарда орындаған жұмыстарын жақындары мен достарына арналған сыйлықтар ретінде пайдалануға болады, мектепті безендіруде қолда

Страницы: <<  <  7 | 8 | 9 | 10 | 11  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: