үйлесімді орналастырады;
– негізгі және қосалқы, жылы және суық түстерді ажыратады;
– көркем материалдар және құралдар түрлерімен, қолмен/саусақпен және т. б. көмегімен қарапайым жұмыс техникасын қолдана отырып, заттардың текстурасын бейнелейді;
– заттарды жерге, суға, аспанға қатыстылығы бойынша орналастырып, заттардың және зат бөлшектерінің пішінін, пропорцияларын, түсін есепке ала отырып, кеңістіктік арақатысын бейнелейді;
– суреттегі бейненің көңіл күйін беру үшін қағаз реңі мен түс үйлесімділігін таңдайды;
– саусақтарға күш түсірмей, қарындашпен, түсті бормен сурет салу, қарындашты (борды) көлбеу ұстау, бір бағытта жеңіл қимылдармен, штрихтарды бірқалыпты, сурет сызығынан сыртқа шығармай салады;
– жуан сызықтарды сызғанда қылқаламды қағазға көлбеу не көлденең, жіңішке сызықтар мен нүктелерді салғанда тік ұстайды;
–жапырақтарды, гүлдерді, т. б. салғанда қылқаламды қағаз бетіне сипай жанастыру әдісін қолданады;
– қылқаламды бір бағытта, солдан оңға, жоғарыдан төменге, қиғаш жүргізу арқылы суретті бояйды;
– сурет сюжетіне, композициясына, өлшеміне, түсіне қарай көркем материал мен құралдарды таңдайды;
4
– жұмыс барысында жұмыс орны мен құралдарын ретке келтіреді, материалдарды үнемді жұмсайды;
– өткір құралдармен жұмыс кезінде қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау, жеке бас гигиенасының ережелерін орындайды.
ҰОҚ-інің ерекшеліктері
«Сурет салу» ҰОҚ-нің мазмұны оқу бөлімдері бойынша ұйымдастырылған. Бөлімдер күтілетін нәтижелер: дағды, білім не түсінік түріндегі оқу мақсаттарынан тұратын бөлімшелерден тұрады. Әрбір бөлімше ішінде реттілікпен құрылған оқу мақсаттары педагогтерге өз жұмысын жоспарлауға және балалардың жетістіктерін бағалауға, сондай-ақ оларға оқудың келесі кезеңдері туралы ақпарат беруге мүмк
Страницы: << < 3 | 4 | 5 | 6 | 7 > >>